Психикалық дамуында тежелуі бар мектепке дейінгі балалардың зейін ерекшеліктері


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • К.Т. Матина Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • А.Р. Мандыкаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Кілт сөздер:

ерікті зейін, зейін қою, (Пьерон-Рузер тәсілінің түрленуі), зейін көлемі, зейін ерекшеліктері, психикалық дамуы тежелуі

Аңдатпа

Мақалада психикалық дамуы тежелген балаларда зейіннің тұрақтылығы мен
шоғырлануының, зейін аудару және көлемінің орташа көрсеткіштері зерттеледі. Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың зейінін дамыту ерекшеліктері қарастырылады. Психикалық дамуы тежелудің әртүрлі жіктелуі қарастырылады, психикалық дамуы тежелуін диагностикалаудың түрлі тәсілдері ашып көрсетіледі, психикалық дизонтогенездің көрсетілген түрі бар балалардың біртекті топтарын қалыптастыру кезінде қиындықтар туғызатын себептер анықталады, әртүрлі айқындылық дәрежедегі психикалық дамуы тежелуін көрсететін балаларды зерттеу кезінде нейропсихологиялық тәсілдің диагностикалық маңыздылығы атап көрсетіледі.
Психикалық дамуы тежелген балалардағы зейін ерекшеліктеріне ерекше көңіл бөлінеді. Психикалық дамуы тежелген балалар мен дамудың нормативтік нұсқасы бар балаларға салыстырмалы зерттеу жүргізілді.
Барлығы 5-6 жастағы 20 бала тексерілді. Дамуы қалыпты мектепке дейінгі ересек жастағы балаларда, психикалық дамуы тежелген балалармен салыстырғанда зейін тұрақтылығы пен зейін қоюдың анағұрлым жоғары  көрсеткіштері бар екені анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Матина K. ., & Мандыкаева , А. . (2024). Психикалық дамуында тежелуі бар мектепке дейінгі балалардың зейін ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 129(4), 103–113. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1889

Журналдың саны

Бөлім

Психология