Қарым-қатынас баланың ана тілінде сөйлеу дағдыларын дамытудың негізгі шарты ретінде
Қаралымдар: 173 / PDF жүктеулері: 354
Кілт сөздер:
тілдік қатынас, сөйлеу, ойын, еңбек, сөйлеу дағдысы, тұрмыстық әрекет, коммуникативтік әдіс, тіл дамытуАңдатпа
Мақалада мектеп жасына дейінгі бала тілінің қалыптасу, даму барысы қарым-қатынасқа байланысты екендігі туралы зерттеулер қарастырылған. Қазіргі кезде мемлекеттік тілге қатысты байқалатын мәселе кейбір отбасында жас баладан бастап үлкендеріне дейін орыс тілін қарым-қатынас тіліне айналдырып келе жатқандығы. Баланың психикасы мен сөйлеуі өзара байланыста дамитындықтан, баланы қазақ тілінде сөйлеуге үйрету психологиялық, лингвистикалық көзқарастарды есепке алады. «Сөйлеу бар жерде тыңдау болуы шарт. Баланы тыңдауға үйрету тілдік қарым-қатынасқа түсіру деген сөз» деген тұжырымды негіз етіп, билингвальді отбасынан келетін балалармен қазақ тілінде тілдік қарым-қатынасқа түсуге бағыттайтын әдіс-тәсілдер ұсынылған. Балабақша балаларына диагностикалық зерттеу нәтижесінде тілдік қарым-қатынасқа түсуде қиындық келтіретін грамматикалық формалар айқындалған. Мақалада тіл сөйлеушінің ұлттық болмысын көрсететін таңба, белгі деп көрсетілген. Мектепке дейінгі жас кезеңдеріне қарай қатынастың әртүрлі нұсқалары болатыны, халықтық өлең-жырлардың ана тілге деген генетикалық кодтарды оятатыны, тыңдай білу, қойылған сұраққа логикалық және грамматикалық заңдылықтарға сәйкес жауап беруі балалардың өсе келе өзара және үлкендермен тілдік қатынасқа түсуіне байланысты екендігі айтылған. Баланың еске сақтауы, ойлауы, елестетуі, қабылдауы т.б. ішкі сөйлеу тілінде орысша қалыптасып жатқанда (билингвальді ортада), қазақша сөйлеуге түрткі жасалмаса, балаға орыс тілінде сөйлеу әрекетіне түсу ыңғайлы. Ал ана тілінде сөйлеуі үшін оларды өзара және үлкендермен түрлі іс-әрекеттерде сөйлеу дағдыларын дамыту қажеттігін ескертіп, мақала авторлары орыстілді баланы мемлекеттік тілде сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту жолдары мен оларды қарым-қатынасқа түсіретін диалогтік тілдік ресурстарды пайдалануды ұсынады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.