Университет оқытушысының бәсекеге қабілеттілігін дамыту туралы мәселесіне қатысты
Қаралымдар: 130 / PDF жүктеулері: 167
Кілт сөздер:
бәсекеге қабілеттілік, ЖОО оқытушысының құзыреттері, кәсіби қызмет, бәсекелестік артықшылықтар, кәсіби құзыреттілік, цифрлық саладағы қызметАңдатпа
Мақалада университет оқытушысының бәсекеге қабілеттілігін дамыту мәселесі бойынша ғылыми тәсілнамаларды жүйелеу қорытындысы негізінде «жоғары мектеп оқытушысының бәсекеге қа-білеттілігі» туралы нақтыланған түсініктеме ұсынылған. Сонымен қатар зерттеу тақырыбының өзектілігі заманауи қоғамда жоғары мектептің бәсекеге қабілетті оқытушысына деген сұраныс пен оны университетте дайындаудың қолданыстағы тәжірибесі арасындағы қайшылықты шешу қажеттілігіне байланысты себептелген.
Ғылыми тәсілнамаларды талдау негізінде құрылымдық тұрғыдан «университет оқытушысының бәсе-кеге қабілеттілігі» ұғымымен байланысты университет оқытушысының құзыреттілік топтары айқындалды.
«Университет оқытушысының бәсекеге қабілеттілігі» құрылымдық жоспарында интегративті білім ретінде ашылады, ол заманауи университет міндеттеріне жаңа көзқарастарға сәйкес келетін оқытушылар құзыреттерінің кешенін қамтиды. Автордың ойы құзіреттілік жоғары оқу орнындағы профессорлық-оқытушылық құрамының бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы болып табылатынына негізделеді.
Сондай-ақ, университет оқытушыларының құзыреттілік модельдері мен тізбелерін әзірлеу және іске асыру, ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамының құзыреттерін бағалау жүйесі мәселелеріне назар аударылады.
Ғалымдардың ұсынған тәсілдерін талдауды ескере отырып, мақалада университет оқытушысының бәсекеге қабілеттілігін дамыту бойынша ұсыныстар тұжырымдалған: құзыреттілік топтары бойынша ЖОО оқытушыларын даярлауды қамтамасыз ететін біліктілікті арттыру бағдарламасын әзірлеу; ЖОО оқытушысының құзыреттілік кешенін бағалау бойынша университеттерде ғылыми-әдістемелік база құру; болашақ оқытушыларды ғылыми-педагогикалық даярлаудың негізгі білім беру бағдарламаларын жобалау кезінде ЖОО оқытушысының құзыреттілік моделін енгізу, жоғары оқу орындарында жоғары мектеп оқытушысының мансаптық стратегияларына психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету және т.б.
Зерттеу қорытындыларын алу үшін осы зерттеу мәселесі бойынша отандық және шетелдік авторлардың ғылыми жұмыстарына талдау және синтез жүргізілді.