Білім беруді цифрландыру жағдайында болашақ математика мұғалімдеріне мектеп геометрия курсын оқыту әдістері
Қаралымдар: 217 / PDF жүктеулері: 667
Кілт сөздер:
цифрлық технологиялар, толықтырылған шындық, цифрлық білім беру ресурстары, геометрияны оқыту, болашақ математика мұғаліміАңдатпа
Мақалада Қазақстандағы білім беруді цифрландыру жағдайында математи-
калық пәндерді оқыту мәселесі қарастырылған. Зерттеу барысында психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер зерделеніп, талданған, сонымен қатар цифрлық технология саласындағы зерттеулерге арналған отандық және шетелдік авторларға шолу жасалған. Мақалада заманауи цифрлық технологиялар ұсынатын өзара әрекеттесу мен тәжірибені пайдалана отырып, мұғалімдер оқыту сапасын арттырып, жаңа дағдыларды үйрете алады, студенттерді шабыттандырады және олардың жаңа академиялық қызығушылықтарын оятады. Авторлар тәжірибелік топта жүргізген педагогикалық тәжірибе кезінде болашақ математика мұғалімінің жаңа цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану тәжірибесі және геометриялық білімдері мен оның қазіргі жағдайы зерттелген. Мақалада «Геометрияны оқытудағы цифрлық білім беру ресурстары» курсының мазмұнына сәйкес практикалық сабақтарды өту кезіндегі «Айналу денелері» тарауының «Шарға іштей және сырттай сызылған денелердің кескіндерін салу әдістері» тақырыптарын оқытуда геометриялық фигураларды дәстүрлі түрде және Geogebra, Live Geometry сияқты заманауи динамикалық орталарында AR пішімінде, 3D сызу үлгілері келтірілген. Мақалада топтық сараптамалық бағалауды бақылау және қолдану нәтижесінде, оқу үдерісінде жаңа цифрлық технологияларды қолдану тәжірибелік топ студенттерінің геометриялық білімдерін арттырғандығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретіндігі атап өтілген. Бұл ретте авторлар инновациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізуде және білім алушылардың осы технологияларға деген қызығушылығын сақтауда басты рөлді мұғалім атқаратынын атап өтеді.