Түркістан облысындағы жасөспірімдер арасында буллинг және кибербуллингтің орын алу жағдайы


Қаралымдар: 184 / PDF жүктеулері: 42

Авторлар

  • М.П. Асылбекова ЕНУ им. Л.Н.Гумилева
  • K.T. Атемова
  • Б.Ж. Сомжүрек

Кілт сөздер:

Буллинг, кибербуллинг, жасөспірімдер, әлеуметтік орта және көзқарас, алдын алу, аутинг, хейтинг, фрейпинг, диссинг, кетфишинг, грифинг, бэйтинг

Аңдатпа

Мақалада бүгінгі мектеп оқушылары арасында жиі кездесетін буллинг және кибербуллинг мәселесінің Түркістан облысы бойынша орын алу жағдайы туралы баяндалады. Онда алдымен «Буллинг» және «Кибербуллинг» түсініктері туралы сипатталып, оның себептері мен салдарлары туралы теориялық деректер келтіріледі. Ғылыми ақпараттар қаншалықты көпшілік арасында таныс екендігі мен мектеп оқушылары тарапынан қолданылуын айқындау үшін және Түркістан облысындағы жасөспірімдер арасында бұл мәселенің орын алу жағдайын білу мақсатында арнайы құрастырылған сауалнамалар аудандардағы мектептерге таратылып, нәтижелері өңделді. Зерттеу барысында теориялық талдау, бақылау, сауалнамалар жүргізу әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері диаграммалар арқылы көрсетіліп, оңтүстік өңіріндегі жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллингтің жағдайы айқындалды және оның алдын алуға ата-аналар мен мектеп педагогтары үшін нақтылы ұсыныстар берілді.

Жүктеулер

Жарияланды

15.09.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Асылбекова, М., Атемова K., & Сомжүрек, Б. (2023). Түркістан облысындағы жасөспірімдер арасында буллинг және кибербуллингтің орын алу жағдайы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 144(3), 47–55. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/225

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика

Most read articles by the same author(s)