Синергетикалық тәсіл негізінде болашақ химия мұғалімдерінің ұйымдастырушылық біліктерін қалыптастыру әдістемесінің мазмұнды компонентін әзірлеу


Қаралымдар: 202 / PDF жүктеулері: 42

Авторлар

  • И.В. Афанасенкова Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
  • Н.А. Завалко Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
  • Р.А. Аубакирова
  • С.Г. Сахариева

Кілт сөздер:

өзін-өзі ұйымдастыру, синергетика, химия, дискреттілік, мектептік химиялық эксперимент.

Аңдатпа

Мақалада болашақ химия мұғалімдерінің ұйымдастырушылық біліктерін
қалыптастыру әдістемесінің мазмұндық компонентін жасауда синергетика идеяларын қолдану
мүмкіндігі қарастырылған, олар мектептегі химиялық эксперименттің әр түрлерін ұйымдастыру
мен өткізуде тиісті кәсіби-педагогикалық құзіреттілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл
болашақ мұғалімнің ойлау икемділігі сияқты қасиетін қалыптастыру үрдісін оңтайландырады
және мектепке орналасқан жас мұғалімнің бейімделу кезеңін қысқартады. Синергетика
идеяларын оқу-педагогикалық үрдісте қолдану әдіс контекстінде қарастырылады.
Химия пәні бойынша Типтік оқу бағдарламаларын талдау негізінде химиялық
эксперименттің негізгі пәндік мазмұны іріктелді. Негізгі міндет - мектеп мұғалімдеріне химиялық
экспериментті ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін жалпыланған біліктерді қалыптастыру.
Осының барысында химиялық эксперимент техникасының нақты мазмұны әртүрлі болуы
мүмкін, бірақ негізгі тақырып мазмұны міндетті түрде қамтылуы тиіс. Мысалдардың негізінде
студенттің өзі өткізетін сабақты әзірлеу үшін тақырыпты таңдау мүмкіндігінің дискреттілік
қағидасын түсіндіреді, курстасы өткізген талданатын сабақ тақырыбын, зертханашы рөлін
орындайтын сабақ тақырыбын, case-study тақырыбын, виртуалды зертхананы қолданудағы сабақ
әзірлемесі тақырыбын, үйдегі химиялық эксперимент тақырыбын орындайды. Синергетикалық
тәсілді қолдану студентке өзін «оқушы», «мұғалім» және «зертханашы» рөлінде сезінуге
мүмкіндік береді, сонымен қатар бағдарламада қарастырылған зертханалық жұмыстардың
барлық көлемін орындауға мүмкіндік береді. Мұғалім фасилитатор қызметін орындайды, өзара
ынтымақтасуды ұйымдастырады және әдістемелік базаны қамтамасыз етеді. Білім беру үрдісіне
қатысушылардың синергетикалық өзара ынтымақтасуының моделі ұсынылған. Әдістеменің
мазмұндық компонентін әзірлеудегі синергетикалық тәсіл ағымдағы уақыттың тез өзгеретін
сұраныстарына икемді әрекет етуге мүмкіндік береді, білім алушылардың жеке қалауы мен мүдделерін ескереді

Жүктеулер

Жарияланды

15.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Афанасенкова, И., Завалко, Н., Аубакирова, Р., & Сахариева, С. (2023). Синергетикалық тәсіл негізінде болашақ химия мұғалімдерінің ұйымдастырушылық біліктерін қалыптастыру әдістемесінің мазмұнды компонентін әзірлеу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 142(1), 35–45. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/305

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика