Шет тілі мұғалімдерінде «жұмсақ дағдыларды» қалыптастырудың рөлі
Қаралымдар: 146 / PDF жүктеулері: 39
Кілт сөздер:
икемді дағдылар, негізгі құзыреттер, мұғалім, кәсіби даму, коммуникативтілік, шығармашылық.Аңдатпа
21 ғасырда, жаһандану дәуірінде қазіргі мұғалімдер өздерінің кәсіби қызметін сәтті жүзеге асыру үшін «икемді дағдылар» деп аталатын қосымша дағдыларды қажет етеді, онсыз ең жақсы маман да жақсы нәтижеге қол жеткізе алмайды. Осы зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес Ақмола облысының шет тілдері мұғалімдерінің «икемді дағдылары» деңгейі зерттеліп, анықталды. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігіне жататын «икемді дағдыларды» анықтау үшін 16 сұрақтан тұратын «Google forms» сауалнамасы жүргізілді. Сауалнамаға қатысқандардың жалпы саны Ақмола облысының әртүрлі аудандарынан 363 мұғалімді құрады. Зерттеу аясында сауалнамаға қатысушыларға «икемді дағдылар» анықтамасы мен түсінігі туралы сұрақтарға жауап беру ұсынылды. Зерттеу нәтижелерінде сауалнамаға қатысқандардың 74%-да «икемді дағдылар» деңгейінің жеткіліксіздігі анықталды, бұл шет тілдері мұғалімдерін даярлаудың білім беру бағдарламаларын талдауды және түзетуді қажет етеді.