Университет оқытушысының кәсібилігі: түсінігі, компоненттері, даму кезеңдері
Қаралымдар: 160 / PDF жүктеулері: 47
Кілт сөздер:
оқытушы, кәсіпқойлық, оқытушының кәсібилігі, оқытушының кәсібилігінің компоненттері, ЖОО оқытушысының кәсібилігін дамыту кезеңдері.Аңдатпа
Мақалада «университет оқытушысының кәсібилігі» ұғымының мәні, оның негізгі компоненттері мен даму кезеңдері қарастырылған. Болашақ педагогтердің кәсіби даярлығын жаңғырту білім беру сапасы бойынша жалпы еуропалық ұсынымдарға бағдарлануды көздейтін Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа интеграциялануымен байланысты. Қарастырылып отырған жұмыста автор педагогтардың кәсіби даярлығына қатысты нормативтік-құқықтық құжаттаманы, ЖОО оқытушысының кәсібилігін дамыту мәселелері саласындағы шетелдік және қазақстандық зерттеушілердің психологиялық-педагогикалық зерттеулерін талдаған.
Педагог кадрларды даярлау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жағдайында жүзеге асырылады, ол ең алдымен білім берудің үздіксіздігі мен жүйелілігі тұжырымдамасының талаптарына сай болуы тиіс. Жоғары мектептің жас оқытушыларының дайындық деңгейіне жүргізілген талдау мұғалімдердің өздерінің педагогикалық қызметінде студенттермен жұмыс жасауда және зерттеу іс - әрекетін жүзеге асыруда белгілі бір қиындықтарға тап болатынын көрсетеді. Әдетте, жас оқытушылар өз қызметін жүзеге асыру барысында негізінен өздерінің аға буын әріптестерінің іс – әрекетін, түйсігі негізінде көшіруді ұстанады, бұл қазіргі заман талабының талаптарына сай болмай жатады. Бұл мәселенің шешімін магистратурада оқу кезеңінде ғылыми-педагогикалық кадрлардың педагогикалық кәсібилігін дамытуды жүйелі қамтамасыз етуде және жас оқытушылардың қызметін сүйемелдеу жүйесін енгізуде табуға болады. Ұсынылған жұмыста автор Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты базасында апробациядан өткен жас оқытушылардың қызметін сүйемелдеу жүйесін беріліп отыр.