«Жаратылыстанудағы құндылықтар әлемі» элективті курсын оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының құндылық бағдарларын қалыптастыру


Қаралымдар: 108 / PDF жүктеулері: 5

Авторлар

  • Ж.Ж. Кукенов Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • Г.Р. Бахтиярова Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • Т.А. Ольховая Орынбор мемлекеттік университеті
  • И.Н. Бодыкова Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Кілт сөздер:

құндылықтар жүйесі, құндылық бағдар, қалыптастыру, білім беру кеңістігі, бастауыш сынып оқушылары.

Аңдатпа

Мақала біздің зерттеулеріміздің барысында құрастырылып, тәжірибеге енгізілген «Жаратылыстанудағы құндылықтар әлемі» атты элективті курс арқылы бастауыш сынып оқушыларының құндылықтары мен құндылық бағдарларын қалыптастырудың өзекті мәселесін баяндауға арналған. Авторлық элективті курс мазмұны жағынан едәуір ауқымды, құндылық бағдарлар динамикасының зияткерлік ресурсын өзектендіру тұрғысынан алғанда бастауыш сынып оқушыларының құндылық бағдарларын дамытуда айтарлықтай зор мүмкіндіктерге ие. Элективті курстың терең ғылыми-әдістемелік мазмұны әлеуметтік маңызды құндылықтар мен құндылық бағдарларды қалыптастыруға бағытталған.

Мақалада элективті курста қамтылған тақырыптардың бағыттары мен олардың бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік және жеке тұлғалық маңызды құндылықтарын қалыптастыру мүмкіндіктері сипатталған. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде құндылықтарды түрлендіруші сипатта ұсынылған осы заманауи элективті курс жаңа маңызды мүмкіндіктерге ие деген тұжырымдар жасауға ықпал етеді.

Оқу курсы бағдарламасының басты ерекшеліктері: оның әмбебаптығы (әртүрлі бағыттар шеңберінде денсаулыққа құндылық қатынасы, экологиялық және ұлттық құндылықтар сияқты бірнеше құндылық бағдарларын қалыптастыру мүмкіндігі), субъекті үшін құндылықты қалыптастырушы және құндылықты қайта өзгертушілік қызметінің өзектілігі (элективті курс формалары мен әдістері әрі қызықты, әрі оқиғалы және жаңа болуы қажет), даралаушылығы (құндылыққа негізделген құндылық бағдарларын қалыптастыру құралы қоғам құндылықтарының сұранысқа ие жүйесін және жеке тұлғаның жеке құндылық бағдарлау жүйесін есепке алу), интерактивтілігі (сабақтан тыс іс-әрекеттегі субъектілері арасында ғана емес, сонымен қатар сабақтан тыс іс-әрекет субъектілері мен объектілері арасында да өзара ықпал етудің жоғары дәрежеде болуы), ресурстылығы (бастауыш сынып оқушыларының құндылық бағдарларын қалыптастырудағы сабақтан тыс іс-әрекеттің ішкі және сыртқы педагогикалық ресурстарының болуы).

Бастауыш сынып оқушыларының құндылық бағдарларының сабақтан тыс жұмыстар барысында өзгерістерге ұшырауының тиімді жүзеге асуы бірқатар факторларға тәуелді екендігі анықталды, оның ішінде ең негізгісі оқушының жеке тұлғасына кешенді педагогикалық мәнде ықпал ететін тұтас жүйені құру болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

15.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кукенов Z., Бахтиярова G., Ольховая T., & Бодыкова I. (2023). «Жаратылыстанудағы құндылықтар әлемі» элективті курсын оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының құндылық бағдарларын қалыптастыру. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 142(1), 142–154. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/315

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика