Нұртұған Кенжеғұлұлы шығармашылығындағы тәлім-тәрбие және Абай поэзиясының әсері
Қаралымдар: 138 / PDF жүктеулері: 34
Кілт сөздер:
ислами дүниетаным, үш таған (дін, ғылым, өнер), назым (поэзияның ерекше түрі), халықтық тәрбие, білім, реалист ақын.Аңдатпа
Мақалада автор Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларында ислами дүниетаным мен ұлттық тәрбие ісі тығыз бірліктеқарастырған. Оның түпкі мақсаты –ислам дінін тірек ете елді, ұрпақты жақсылыққа бастау, адамгершілікке, рухани тазалыққа, адалдыққа шақыру, елжандылыққа, ұлтжандылыққабаулу, ғылымға, білімге үндеу.Сонымен қатар зерттеу жұмысында Абай поэзиясындағы Мұхамед пайғамбар өмірін үлгі ету Сыр бойы ақын-жырауларында ғана емес, жалпы ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндешығармашылықпен дамығандығы сипатталады.
Көркем сөз өнерінің қашанда халық өмірінің барлық кезеңдерін, заман тудырған әлеуметтік, саяси тартыстарды, қоғамдағы әр түрлі ағымдарды, психологиялық шытырман оқиғаларды айналып өтпейтіне назар аударылады. Қазіргі кездегіқазақ әдебиеттану ғылымында діни ағартушылық ағымдағы ақындардың шығармалары әр қырынан терең зерттеліп жатқандығына мән береді. Дін, ғылым, өнер–өмірді тану деп аталатын бір бүтіннің құрамдас бөліктеріретінде қарастырылады.
Мақаланың мақсаты –Абай поэзиясының Нұртуған шығырмашылығы мен халық ағарту ісіне әсерін бүгінгі педагогикалық идеялармен, тәлім-тәрбие жайлы қағидаларменбайланыстырып, сыни талдаулар жасау арқылы бағалау. Абай мен Нұртуған Кенжеғұлының шығырмашылығындағы шығыс әлемінің рухани қазына көздері, исламият тақырыбы, ағартушылық көзқарастырытамырласып жатқан біртұтас құбылыс (үш тағаны) ретінде қарастыру зерттеу жұмысының өзектілігін айқындайды.
Мақаланың негізгі бағыты Нұртуған шығармаларындағы білім мен халықтық тәрбие көздерін, ислами дүние танымның мәнін ұрпаққа жеткізу бағытында ғылыми пайымдаулар мен тұжырымдар жасау, ұрпақ үшін рухани құндылықекенін дәлелдеу.
Мақаланың практикалық маңызындылығы Абай мен Нұртуған шығармаларын салыстыра отырып ислами құндылықтар туралы білімдері кеңейіп, рухани азық алады, мәтін талдауға дағдыланады. Нәтижесін орта және жоғары оқу орындарының педагогикалық үдерісінде пайдалануға болады.