Білім беру жүйесіндегі компьютерлік бағдарламаларды оқытудың заманауи әдістерін зерттеу


Қаралымдар: 140 / PDF жүктеулері: 23

Авторлар

  • Т.К. Самуратова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

компьютерлік бағдарламалар, компьютерлік графиканы оқыту, электронды оқыту әдістемесі, компьютерлік графика

Аңдатпа

Мақалада білім беру жүйесіндегі компьютерлік бағдарламаларды оқытудың заманауи әдістерін зерттеуге байланысты мәселелер қарастырылады.
Мақала білім беруде оқытудың заманауи әдістерін қолдануға арналған және компьютерлік графиканы оқыту әдістері туралы ақпаратты шолу, талдау және жалпылау болып табылады. Компьютерлік графиканы оқыту – дербес компьютерді қолданудың маңызды бағыттарының бірі қазіргі кезде білім берудің маңызды компоненті ретінде қарастырылуда. Сондай-ақ, мақалада электрондық оқыту әдісін қолдану туралы зерттеу деректері талқыланады. Зерттеулер негізінде тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ететін заманауи оқыту әдістерін енгізу қажеттілігін атап өтуге болады. Әр түрлі ақпарат көздерін, интерактивті технологияларды кеңінен қолдануға назар аудару керек. Сонымен қатар, оқу үдерісіне заманауи электронды әдістерді енгізу мүмкіндік береді: оқу процесін белсендіру, уақытты үнемдеу, қолда бар жабдықты қолдана отырып виртуалды демонстрациялар жасау мүмкіндігі. Мақалада келтірілген компьютерлік графиканы оқыту әдістемесі білім беру үдерісінде тығыз байланысты бірнеше компоненттердің өз ара байланысына негізделген, оқытудың дидактикалық құралдарын, әдістерін, формаларын таңдау мен байланысты және оқушының жеке қалауын, сонымен қатар қоғамның қазіргі талаптарын ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған.

Жүктеулер

Жарияланды

15.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Самуратова T. (2023). Білім беру жүйесіндегі компьютерлік бағдарламаларды оқытудың заманауи әдістерін зерттеу. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 142(1), 234–242. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/323

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика