Кәсіби тұлғаны қалыптастыру мәселесінің зерттелу деңгейі


Қаралымдар: 160 / PDF жүктеулері: 19

Авторлар

  • Л.Е. Сапартаева Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Кілт сөздер:

формирование профессиональной личности, образование, будущие учителя, мотивация, эмпатия

Аңдатпа

Бүгінгі таңда қоғам эволюциясы үшін кәсіби тұлғаны қалыптастырудың маңызы ерекше. Мәселенің маңыздылығын көбінесе Батыс елдерінің ғалымдарын біріктіретін «Тұлғаны бағалау қоғамының» құрылуы, кәсіби тұлға Сауалнамасының әлемдік деңгейде қолданылуын айта аламыз. Кәсіби тұлғаны қалыптастыру жаңа тұлғаның жеке-дара өсуіне кепілдік беретін кәсіби мамандарды даярлаудың интеграциялық құрылымын ұйымдастыруды қарастырады. Сондықтан осы сипаттамалық зерттеудің мақсаты кәсіби тұлғаны қалыптастыру мәселесін зерттеу болып табылады. Кәсіби тұлғаны қалыптастыру адамның жеке дамуы, кәсіби дамуы, үйлесімді қатынастары, үй, мәдени даму және салауатты өмір салтымен байланыстылығы дәйектелді. Кәсіби тұлғаны қалыптастыру процесіндегі ынталандырудың рөлі, мәселе төңірегіндегі мұғалімдердің эмпатиясы, эмоционалдық және кәсіби тәжірибесі, туындауы мүмкін кәсіби дағдарыс талданды. Кәсіби тұлғаны қалыптастыру аясындағы кәсіби іс-әрекетті зерттеуде жүйелі әдісті пайдаланудың тиімділігі анықталды. Мақалада кәсіби тұлғаны қалыптастыруды теориялық тұрғыдан түсінудің өзектілігі айқындалды. Мәселені айқындау үшін Web of Knowledge базасында индекстелген зерттеулер қолданылды. Мақала авторы кәсіби тұлғаны қалыптастыру мамандық таңдаған сәттен басталып, адамның бүкіл кәсіби өмірінде жалғасады деген қорытындыға келді.

Жүктеулер

Жарияланды

15.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сапартаева, Л. (2023). Кәсіби тұлғаны қалыптастыру мәселесінің зерттелу деңгейі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 142(1), 243–255. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/324

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика