Т. Ізтілеуұлының ғибрат, насихат өлеңдеріндегі педагогикалық көзқарастар


Қаралымдар: 82 / PDF жүктеулері: 8

Авторлар

  • А.Т. Тулебаева Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • Г.А. Туякбаев Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Кілт сөздер:

педагогикалық көзқарастар, дидактикалық поэзия, дүниетаным, ғибрат, өсиет, ғақлия, насихат, жанр, ақын, жырау, Сыр өңірі, Сыр сүлейлері.

Аңдатпа

Мақалада Сыр сүлейі, ақын Тұрмағамбет Ізтілеуұлының ғибрат, насихат өлеңдеріндегі педагогикалық көзқарастарына талдаулар жасалынды.
Тұрмағамбет Ізтілеуұлы ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық ағымның өкілі. Сондықтан да оның педагогикалық-ағартушылық көзқарастарының бастау бұлағы ислам дінінде жатқандығын шығармаларынан аңғарамыз. Ақын шығармаларының негізгі тақырыптардың бірі – оқу, білімді дәріптеу, қарапайым халықты зиялылыққа үндеу болып табылады. Өйткені білімді, тәрбиелі ұрпақ ел болашағы. Сондықтан мақалада ақынның ұрпақ тәрбиесіне арнаған шығармаларын негізге ала отырып, өсиет, ғибрат өлеңдеріндегі педагогикалық көзқарастарын ашып, оны ғылыми негіздеу қазіргі ғылымдағы өзекті мәселенің бірі екендігін көрсетеді.
Мақалада ақынның білім мен ғылымды, өнерді меңгеру мәселесін адамның өмір кезеңдерімен байланыстыруы оны жаңа бір қырынан – педагогтік-ағартушылық қырынан көрсетеді. Адамның жас кезеңдеріне байланысты білімді игеру ерекшелігін Тұрмағамбет өзінің ағартушылық-дидактикалық сипаттағы өлең жолдарында шеберлікпен жеткізе білетіндігі айқындалады. Ақын шығармаларындағы ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді зерттеген ғалымдардың зерттеу еңбектері де негізге алына отырып қарастырылды.

Жүктеулер

Жарияланды

15.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тулебаева, А., & Туякбаев G. (2023). Т. Ізтілеуұлының ғибрат, насихат өлеңдеріндегі педагогикалық көзқарастар. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 142(1), 269–283. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/326

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика