Психологиядағы «ерік» категориясының және тұлғаның ерік сапаларының тұжырымдамалық негіздері
Қаралымдар: 261 / PDF жүктеулері: 161
Кілт сөздер:
ерік, ерік сапалары, ерікті реттелу, мінез-құлықтың еріктік сипаттары, тұлғаның ерік сапалары.Аңдатпа
Берілген мақалада жоғары оқу орнында оқитын білім алушылардың кәсіби дайындығы барысында ерік сапаларының маңыздылығы мәселесі қарастырылады. Сонымен қатар, қазіргі кезде ерік сапаларын зерттеудің өзектілігі сипатталған. Білім алушылар үшін тұлғаның ерік сапаларына жататын мақсатқа бағыттылық, табандылық, шыдамдылық, ұйымдасқандық, дербестік, ұқыптылық, орындаушылық және т.б. сапалар маңызды болып келеді. Зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша ұсынылған мақалада білім алушылардың өзіндік ерік сапалары деңгейлері анықталып, алынған нәтижелер ұсынылды. Зерттеу нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша сандық және сапалық талдау жасалды. Зерттеу нәтижелері бойынша жоғары оқу орнының оқу іс-әрекеті процесінде білім алушылардың мақсатқа бағыттылық, табандылық, шыдамдылық, өзін ұстау сияқты өзіндік ерік сапаларының көрінуінде оң динамика байқалды. Алынған нәтижелер 3-4-ші курс білім алушыларына тән болды, аталған сапалардың көрінуінің жоғары көрсеткіштері анықталды. Шешім қабылдау және батылдық сияқты сапалары бірде төмен,бірде жоғары көріну сипатына ие динамиканы көрсетті, яғни бұл сапаның жоғары көрсеткші 3-ші курста оқитындарда анықталса, ал 4-ші курста орташа деңгейге дейін төмендеді. Білім беру процесінің субъектілері ретінде студенттердің ерік-жігерінің динамикасын салыстырмалы талдау нәтижелері берілген.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.