Екі шет тілін оқитын студенттердің икемді дағдыларын қалыптастырудың өзектілігі


Қаралымдар: 106 / PDF жүктеулері: 5

Авторлар

Кілт сөздер:

икемді дағдылар, құзыреттіліктер, білім беру,қалыптастыру, шығармашылық, коммуникативтілік.

Аңдатпа

Қазіргі уақытта жаһандану дәуірінде икемді дағдылар әрбір білімді адамның қарқынды жұмыс істеуі мен кәсіби табысының ажырамас шарты ретінде қарастырылады. Бұл дағдылар адамның есінде мәңгі қалады және өмір бойы өзекті болады. Бұл мақаланың мақсаты шығармашылық, эмоционалды интеллект, сыни ойлау, көшбасшылық, коммуникативтілік, өзіне деген сенімділік, командада жұмыс жасау, уақытты басқару сияқты екі шет тілін оқитын студенттердің дамуының маңыздылығы мен артықшылықтарын қарастыру болып табылады. Олар ынтымақтастыққа, шығармашылыққа, инновацияға, сыни тұрғыдан бағытталған кәсіби дайындықты жүзеге асырады, ал аналитикалық ойлау және туындайтын мәселелерді ұлттық даму мүддесі үшін тиімді шешу қабілеті болып саналады. Сондай-ақ шет тілдерін оқыту бағдарламаларына сәйкес икемді дағдыларды дамытуды енгізудің практикалық маңыздылығына байланысты, оның өзектілігі студенттерге қойылатын заманауи талаптарды орындау және олардың халықаралық ортадағы мүмкіндіктеріне назарларын аудару. Осылайша, қазіргі білім беру контекстінде шет тілдерін оқыту әдістемесіне айтарлықтай әсер ететін жаңалықты анықтайды.

Осыған орай ғылыми зерттеуіміз жүргізілді, оның мақсаты мен міндеттері «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын Ақмола облысының үш жоғары оқу орнындағы студенттердің икемді дағдыларды меңгеру деңгейін анықтау болды. Респонденттердің саны «Google-Form» бағдарламалық жасақтамасында сауалнамадан өткен 200 адамды құрады. Олардың нәтижелері бойынша бұл дағдылардың жоғары деңгейі жеткіліксіз болды, өйткені олар тәжірибе өткен кезінде икемді дағдыларды әрдайым сәтті түрінде қолдана алмайды, бұл жоғары мектепте болашақ шет тілі мұғалімдерінің икемді дағдыларын дамытудың өзектілігін негіздейді. Өйткені олар студенттерге қазіргі уақытта кәсіби және жеке тұрғыда бірқатар артықшылықтар мен мүмкіндіктерді қарастыруды көздейді.

Жүктеулер

Жарияланды

26.07.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жүнісова S. ., Нәби L. ., & Байманова . L. (2024). Екі шет тілін оқитын студенттердің икемді дағдыларын қалыптастырудың өзектілігі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 147(2), 144–163. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/367

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика