Жеке тұлғаның бойында креативтілікті дамытудың тиімді жолдары


Қаралымдар: 285 / PDF жүктеулері: 1152

Авторлар

  • Е.Қ. Боранкулов

Аңдатпа

Бұл мақалада шығармашылық қабілеттің өзара байланысты
бөліктері көрсетілген. Шығармашылық ойлауды қалыптастыру
ұстанымдары мен кезеңдері, оларды инновациялық технологиялар негізінде
оңтайлы ұйымдастыру жолдары, креативті идеялардың білім, дағдылар мен
мәдениетті игерудегі маңызы тұжырымдалған. Шығармашылық әлеуеті бар
мұғалім көрсететін дағдылар келтірілген.
Креативтілік – шығармашыл тұлғаның құрамдас бөліктерінің бірі және
эрудицияға тәуелді емес. Шығармашылық деңгейі жоғары адамдарды креативті
деп атайды.
Креативтіктің негізі болып табылатын дивергентті ойлаудың көрінісінде
генетикалық фактордың қоршаған ортаға қарағанда рөлі аз. Себебі,
шығармашылық тұлғаларға тән сана, жауапкершілік, табандылық, парыз
сезімі, мінез-құлық пен эмоцияларды жоғары бақылау, шешімділік, кәсіпкерлік,
тәуекелге бейімділік, әлеуметтік батылдық, т.б. Ал, шығармашылық –
жаңа материалдық және рухани құндылықтарды құру нәтижесінде пайда
болатын қызмет. Мәні бойынша мәдени және тарихи құбылыс бола отырып,
шығармашылықтың психологиялық аспектісі бар: жеке және іс жүргізу.
Креативті ойлау – әр істі бастамас бұрын жеке тұлғаның сол әрекет туралы
ақпараттарды кеңінен ойлап, соған қатысты идеялар ойластыру, образ,
елестерді қиялдау, олардың басын өз білімімен біріктіре отырып, өзгеге
ұқсамайтын жаңа туындыны дүниеге әкелу.

Жүктеулер

Жарияланды

28.07.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Боранкулов, Е. . (2023). Жеке тұлғаның бойында креативтілікті дамытудың тиімді жолдары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 143(2), 37–43. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/374

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика