Педагогтерді қашықтықтан білім беруге даярлаудың мүмкіндіктері


Қаралымдар: 158 / PDF жүктеулері: 309

Авторлар

  • Г.Н. Жолтаева
  • Г.С. Майлыбаева
  • Н.Ж. Жанатбекова

Аңдатпа

Қашықтықтан оқытуды дамытудың қазіргі кезеңінде осындай білім беру
ортасында жұмыс істейтін мұғалімдерді даярлауға қойылатын талаптар артып
келеді. Қабілеттері, қызығушылықтары мен қажеттіліктері әртүрлі болатын
адамдарды сапалы оқытуды, білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, сондай-ақ
қашықтықтан оқыту ерекшеліктерін есепке алуды кәсіби біліктілігі жоғары педагог
ғана жүзеге асыра алады.
Педагогтердің қазіргі жаңа жағдайға қызмет атқаруы мен болашақта да онлайн
режимінде оқыту жағдайына тап болу ықтималдығын ескере отырып, олардың бар
тәжірибесі мен қашықтықтан оқытуды жүзеге асыруға қажетті кәсіби қасиеттері
туралы мүмкіндігінше ақпарат алу өте маңызды.
Зерттеу жұмысы теориялық және эмпирикалық әдістер пайдалану арқылы
педагогтердің оқушыларды қашықтықтан оқытуға дайындығының нақты жай-күйін
анықтауға және педагогтердің қашықтықтан оқытуды жүзеге асыруға дайындығын
қалыптастыру технологиясын ресурстық қамтамасыз етудің құрамдастарын
анықтауға бағытталды.
Мақалада педагогтердің оқушыларды қашықтықтан оқыту құзыреттіліктерін
қалыптастыру жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ
біліктілікті арттыру және кәсіптік қайта даярлау бағдарламаларын жүзеге асыру
үдерісінде мүмкін болатыны баяндалған. Авторлар оқу үдерісінде қашықтықтан
оқыту технологияларын пайдалану мәселелері бойынша жұмыс жасап жүрген
педагогтер мен болашақ педагогтерге сауалнама жүргізу барысында алынған
эмпирикалық деректерді талдау негізінде қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру
кезіндегі проблемалар мен қиындықтарды, қашықтықтан оқытуды табысты іске
асыру үшін қажетті шарттарды анықтады.
Педагогтің оқушыларды қашықтықтан оқытуға дайындығын қалыптастырудың
әзірленген технологиясын, әзірленген бағдарламалық-әдістемелік материалдарды
бағалау бойынша зерттеу жүргізу сияқты мәселелерді одан әрі дамыту қажеттілігі
туралы қорытынды жасалды.

Жүктеулер

Жарияланды

28.07.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жолтаева, Г., Майлыбаева, . Г., & Жанатбекова, Н. (2023). Педагогтерді қашықтықтан білім беруге даярлаудың мүмкіндіктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 143(2), 98–110. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/381

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика