Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дағдыларын пластилинография әдісі арқылы дамыту
Қаралымдар: 327 / PDF жүктеулері: 441
Аңдатпа
Кез келген бала үшін мектепке дейінгі шақта ең бастысы – толық келісілген
мәлімдеме қалыптастыру (сұрақ қою, жауап беруі, түсіндіру, қарсы болу немесе
келісу және т.б.), өйткені оның дамуының негіздері осы кезеңде қаланады. Еркін
қарым-қатынас – бала өмірінің барлық кезеңінде және одан әрі ересек өмірде қоршаған
адамдармен коммуникативтік функциясының ажырамас бөлігі. Осыны негізге ала
отырып, жалпы сөйлеу тілі дамымаған және сөйлеу тіл дамуы қалыпты мектеп
жасына дейінгі балалардың тіл дамыту мәселесі зерттеудің өзектілігін анықтайды.
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бар балалардың қол саусақтарының жеткіліксіз
үйлестірілуі, ұсақ моторика қалыптасуының ерекшелігі ретінде қабылданады.
Зерттеулер мен көптеген сауалнамалар негізінде келесі заңдылық анықталды: егер
ұсақ моториканың дамуы артта қалса, онда сөйлеу дамуы да тежеледі, бірақ жалпы
моторика қалыпты болуы мүмкін, өйткені қолдың ұсақ моторикасының дамуы,
сөйлеу дағдысын дамытады. Пластилинография – балаларды білім беру процесіне
баулуға, сөздік қорын арттыруға, сезімдік-эстетиканы және қоршаған ортаны тануына
көмектеседі; зейінге, тазалық пен әдемілікке тәрбиелейді, сондай-ақ, ұсақ моториканы
дамытудың және қолды жазуға дайындаудың тамаша мүмкіндігі. Зерттеу-бақылау
жұмыстары 2018–2019 оқу жылы мен 2019–2020 оқу жылының бастапқы және
аралық диагностикасын қамтиды. 2018–2019 оқу жылында пластилинография
әдісі вариативтік сабақ ретінде өткізілмеді. 2019–2020 оқу жылында «Мектеп
жасына дейінгі жалпы тіл дамуы жетілмеген балалардың шығармашылық қабілетін
пластилинография әдісімен дамыту» әдістемелік құралы бойынша екі аптада бір
реттен 9 вариативтік сабақ өткізілді. Вариативтік сабақты еңгізу балалардың сөздік
қоры мен зейініне пайдалы әсер етті. Балалар мұқият, бақылаушы бола бастады. Ұсақ
моторикаға жауап беретін ми орталықтарын ынталандыра отырып, біз сөйлеуге
жауап беретін аймақтардың бесенділігін арттырдық.