Пәнаралық байланыстарды іске асыра отырып, химия сабақтарында STEM инновациялық әдістерін қолдану


Қаралымдар: 380 / PDF жүктеулері: 1183

Авторлар

  • С.М. Кусаинова
  • Б.С. Тантыбаева
  • А. Абылайхан
  • Б.К. Шаихова
  • А.А. Ережепекова

Аңдатпа

STEM-бұл академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар нақты өмір
контекстінде оқытылатын интеграцияланған, пәнаралық оқыту тәсілі. Осы әдіс аясында оқушы
нақты мәселелердің шешімін табуды және жаңа механизмдер, техникалар, бағдарламалар үшін
прототиптер құруды үйренеді.
Мақалада зерттеудің сипаттамасы келтірілген, оның мақсаты оқушылардың үлгерімін тексеру
нәтижелері бойынша жаңартылған білім мазмұны аясында 8-сыныпта химия сабақтарында
STEM тәсілін жүзеге асырудың тиімділігін анықтау болды. Нәтижелер химия сабақтарында STEM
технологияларын қолдану экспериментке қатысушылардың үлгеріміне оң әсер еткенін көрсетті.
Сонымен бірге, STEM қолдану студенттердің зерттелетін тақырыптың теориялық және практикалық
аспектілерін оқуға және түсінуге деген ынтасын арттыратыны дәлелденді. Бұл әдісті қолдану әлемдік
экономикадағы STEM сауаттылық пен бәсекеге қабілеттіліктің дамуына ықпал ететін мектеп, қоғам,
жұмыс және бүкіл әлем арасында берік байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

28.07.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кусаинова, С., Тантыбаева, Б., Абылайхан, А., Шаихова, . Б., & Ережепекова, А. (2023). Пәнаралық байланыстарды іске асыра отырып, химия сабақтарында STEM инновациялық әдістерін қолдану. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 143(2), 212–220. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/389

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика