Орта мектеп физикасын оқытуда оқушыларды айнымалы токтың негізгі сипаттамаларымен таныстыру
Қаралымдар: 143 / PDF жүктеулері: 183
Аңдатпа
Мақалада өнеркәсіпте, жарықтандыру желісінде, электротехника
мен радиотехникада және компьютерлік желілерде қолданылатын айнымалы
токтың түрлеріне теориялық талдау жасалды. Айнымалы токтың келесі
сипаттамалары зерттелді: ток пен кернеудің лездік, амплитудалық,
орташа және әсерлік мәндері. Синусоидтық немесе гармониялық, периодты,
түзетілген, үш фазалы және пульсациялық токтың орташа және әсерлік
мәндерінің физикалық қасиеттерін сипаттайтын параметрлер арасындағы
байланыс ашылды.
Мысал ретінде айнымалы ток түзеткіштерінің түрлері, фазаимпульстік
реттегіш және үш фазалы түзеткіш қарастырылды. Осы приборлар мен
жабдықтардың көмегімен өндірілген айнымалы токтар мен кернеулердің
орташа және әсерлік мәндерін табу бойынша есептеулер жүргізілді. Осы
есептеулердің нәтижелері көмегімен магнитоэлектрлік, электродинамикалық
және жылулық тұрғыдан электр тогын өлшейтін құралдардың (амперметрлер
және вольтметрлердің) жұмыс істеу принциптері талданды.