ХХ ғасырдағы Қытайдағы психометрия мен педагогикалық өлшемдердің дамуының тарихы очерктері


Қаралымдар: 119 / PDF жүктеулері: 170

Авторлар

  • Чжоу Ми
  • А.К. Мынбаева

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасырдағы Қытайдағы психометрияның, диагностиканың және
педагогикалық өлшемдердің тарихи кезеңдері зерделенді және очерктері сипатталды. Сонымен
қатар, келесідей кезеңдер анықталды: 1910-30 жылдар – білім беруде еуропалық психометрия
мен өлшемдердің жетістіктерін пайдалану; 1940-1978 жылдар - соғыс пен саяси идеологиялық
өзгерістерге, мәдени революцияға байланысты тесттерді қолдануды қысқарту; 1980-90 жылдар -
психометрияның, педагогикалық өлшемдердің және психодиагностиканың жандануы және
қарқынды дамуы.
Осылайша, Қытайда психометрияның, психодиагностиканың және педагогикалық өлшемдердің
қарқынды дамуы байқалады: ХХ ғасырдың басында пәрменді көтерілуден ХХ ғасырдың ортасында
соғыс пен идеологиялық негіздер салдарынан құлдырауы, ХХ ғасырдың соңына қарай қайта өрленуі
және өркендеуі.
Қытайдағы психометрия мен психодиагностиканың ғылыми қалыптасуы әлемдік тенденцияны
қайталады.Мысалы: зияткерлік тесттерден жеке тұлғалық ерекшеліктерінің тесттеріне , жеке
тұлғалық шкаласына және адамның жеке мүдделеріне ауысты.
Психометрия және педагогикалық өлшемдер тарихпен, теориялық дамумен және практикалық
қолданумен тығыз байланысты. Психометрия мен педагогикалық өлшемдердің тарихын
мәдениетаралық көзқарас тұрғысынан зерттеу оқиғаларды және олардың тарихтағы маңызын
терең түсінуге көмектеседі. ХХ ғасырдың аяғында Қытайдың мысалында Азиядағы психометрия мен
педагогикалық өлшеулерді дамытуда полицентрлік тәсілді қолдануы көрсетілген.

Жүктеулер

Жарияланды

28.07.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ми, Ч., & Мынбаева, А. (2023). ХХ ғасырдағы Қытайдағы психометрия мен педагогикалық өлшемдердің дамуының тарихы очерктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 143(2), 374–386. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/397

Журналдың саны

Бөлім

Психология