Бастауыш сыныптарда креативті білім беру ортасын құрудың педагогикалық тәсілдері
Қаралымдар: 102 / PDF жүктеулері: 137
Кілт сөздер:
креативтілік, креативті білім беру ортасы, бастауыш сынып, педагогикалық тәсілдер, әдістерАңдатпа
Қазіргі зерттеулерге сәйкес, креативтілікті дамыту және креативті білім беру ортасын құру мәселелері көп қырлы құбылыстар болып табылады және әртүрлі педагогикалық тәсілдермен бірге қарастырылады. Педагогикалық тәсіл зерттеушінің әдіснамалық ұстанымымен анықталады, әдістемелер мен технологиялардың моделін, педагогикалық мәселені түсінуді анықтайды.
Зерттеудің мақсаты бастауыш сынып оқушыларының креативтілігін дамытуға бағытталған креативті білім беру ортасын құрудың педагогикалық тәсілдерін талдау болды.
Мақалада креативті білім беру ортасын құрудың педагогикалық тәсілдері мен әдістеріне ғылыми шолу және теориялық талдау нәтижелері келтірілген. Жүйелік тәсілдің ережелеріне сүйене отырып, креативті білім беру ортасының құрылымдық компоненттері анықталды: оқушылардың креативті белсенділігін ынталандыратын қолайлы жағдай; қатысушылардың іс-әрекетінің еркіндігіне ықпал ететін әртүрлі проблемалық мәселелер; үдерісті ынталандыратын және бағыттайтын мұғалім; оқу міндеттерін шешуге креативті тәсілге негізделген іс-әрекет түрлері. Креативтілікті дамытуға бағытталған педагогикалық тәсілдердің (жүйелік, іс-әрекеттік, тұлғаға бағытталған, орта) ережелері, технологиялары мен әдістері негізделген.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: креативті білім беру ортада креативтілікті дамыту тәсілдеріне талдау жасалды; дәстүрлі педагогикалық тәсілдерге олардың мазмұнына креативтілікті дамытуға бағытталған толықтырулар ұсынылды.
Зерттеу жұмысымыздың келесі кезеңін біз оқушылардың креативтілігін дамытуға бағытталған креативті білім беру ортасының моделін әзірлеумен байланыстырамыз.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.