Білім беру көші-қоны: Қазақстаннан жастардың эмиграциясының себептері
Қаралымдар: 128 / PDF жүктеулері: 188
Кілт сөздер:
білім беру, көші-қон, зияткерлік әлеует, білім беру миграциясы.Аңдатпа
Мақалада Қазақстаннан жастардың эмиграциясының себептері зерттелген.
Зерттеу барысында студенттер мен жас мамандардың шетелге кетуіне ықпал ететін факторларды
зерттеуге ерекше назар аударылады. Талдау жүргізу үшін қазіргі уақытта шет елдерде тұратын жас
қазақстандықтар арасында жүргізілген терең сұхбаттар негіз болды. Сұхбат барысында шетелде
қалудың себептері және Қазақстанға оралу жоспарлары туралы сұрақтар қойылды. Сауалнама
нәтижелері бойынша талантты жастардың шетелде және өз елінде өмір сүруін қабылдаудағы
негізгі тенденциялар тұжырымдалды. Зерттеу кәсіби кадрлардың елден кету процестеріне әсер
ететін факторларды, сондай-ақ жастардың тарихи отанына оралуына кедергі келтіретін себептерді
түсінуге ықпал етеді.