Химия сабақтарында аралас оқыту технологияларын қолдану арқылы білімгерлердің жеке қасиеттерін қалыптастыру


Қаралымдар: 119 / PDF жүктеулері: 503

Авторлар

  • Б.Б. Шаграева
  • Н.Т. Шертаева Южно-Казахстанский государственный педагогический университет
  • Г.Е. Туймебаева
  • М.Ж. Дуйсембиев

Кілт сөздер:

Түйін сөздер: аралас оқыту, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, өзіндік жұмыс, танымдық белсенділік, трансформация, актуализация, индивидуализация, Интернет-ресурстар.

Аңдатпа

Аралас оқыту технологиясымен оқытудағы білімгерлердің жеке ісәрекетінің мазмұны тек білімді ғана емес, оқытуды ұйымдастыруда келесі
педагогикалық жағдайлар жүзеге асырылады: мақсат қою, білімгерлердің жеке
қасиеттерін жүзеге асыру және оның рефлексиясы ашық білім беру ортасында жүреді.
Мақалада тұлғаның жеке қасиеттеріне бағытталған оқытудың танымдық
белсенділікті дамытудың моделі қарастырылды. Дамыту моделі мыналарды қамтиды:
жаңа диагностикалық құрал, оның рөлін, оқу мазмұнын, әдістерін, формалары мен
оқыту құралдарын; Оқыту әдістерін таңдаудың жаңа критерийлері: білімгерлердің
танымдық белсенділік деңгейі мен сыныптағы оқу жағдайы; Білімгерлердің жеке
ерекшеліктерін ескере отырып, көрнекілік принципін кешенді жүзеге асыруға
негізделген полимодальдық оқытуды қамтиды.
Аралас оқыту технологиясымен оқытуда білімгерлердің жеке іс-әрекетін
ұйымдастыруға арналған әдістемелік қамтамасыз етудің компоненттері
анықталды. Олардың өзара байланысын сипаттау және шығармашылық өзін-өзі жүзеге
асыратын жеке қасиеттердің жиынтығы анықталды. Педагогикалық эксперимент
нәтижелеріне сүйене отырып, аралас оқытуда білімгерлердің жеке іс-әрекетін жобалау
және жүзеге асыру бойынша ғылыми-практикалық ұсыныстар жасалынды.

Жүктеулер

Жарияланды

15.06.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шаграева, Б., Шертаева, Н., Туймебаева, . Г., & Дуйсембиев, М. (2023). Химия сабақтарында аралас оқыту технологияларын қолдану арқылы білімгерлердің жеке қасиеттерін қалыптастыру. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 143(2), 294–305. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/6

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика