Цифрлық педагогика – Z ұрпақты кәсіби даярлаудың негізі ретінде


Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

Кілт сөздер:

цифрлық педагогика, кәсіби даярлау, Z ұрпақ, цифрлы ұрпақ, әлеуметтік-цифрлық ғасыр ұрпағы.

Аңдатпа

Мақалада жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлауда цифрлық педагогика мүмкіндіктерін пайдалану мәселесі қарастырылады. Әсіресе, Уильям Штраус пен Нил Хоувтың Ұрпақтар теориясына сәйкес – Z ұрпақ; Кристи Лонктың теориясына сәйкес – әлеуметтік-цифрлық ғасыр ұрпағы атанған, 1997-2012 жылдар аралығында дүниеге келген білім алушыларды кәсіби даярлауда цифрлық педагогиканы пайдалану, цифрлық педагогика арқылы болашақ мамандықтарына қызығушылығын оятып, жұмысқа орналасқанда өз кәсіби іс-әрекетін цифрландыруға мүмкіндік туғызатындығы айтылады. Цифрлы педагогиканың даму тарихы, оның қашықтықтан оқыту негізінде туындағандығынан бастап, бүгінгі таңдағы қарапайым гаджеттер арқылы білім алу мүмкіндіктеріне дейінгі аралықта қарастырылады. Мақалада әлеуметтік желілерде өзекті болған курстарға сыни пікір жасалып, мектеп бітіруші түлектің қысқа курстарға емес, университеттік білімге ұмтылу қажеттілігінің мәселесі көтеріледі. Жоғары оқу орындары цифрлық педагогиканың жетістіктерін пайдалану арқылы Z ұрпақтың мамандыққа қызығушылығын оята алу маңызды. Себебі, ұрпақтар теориясын зерттеуші ғалымдардың сөзінше, цифрландыру, инновацияға ұмтылу, өздігінен әрекет ету – нағыз Z ұрпақ өкілдеріне тән қасиет. Ал олардың бойындағы цифрлық қабілеттілікті тиімді арнаға бұру, дамыту – жоғары оқу орындарының басты міндеті болып отыр. Мақалада «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім алушы студенттерге тәжірибелік жұмыс жүргізілді. Эксперимент барысында студенттер бақылау және эксперименттік топтарға бөліп, бірінші топта – дәстүрлі форматта, екінші топта – цифрлық педагогиканың оқыту элементтері негізінде бағдарлама жүргізілді. Эксперимент соңында нәтижелер талданып, студенттерді кәсіби даярлауда цифрлық педагогиканың тиімділігіне талдау жасалды.

Жүктеулер

Жарияланды

26.09.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Хасенқызы , Т. ., & Акрамова, А. С. . (2024). Цифрлық педагогика – Z ұрпақты кәсіби даярлаудың негізі ретінде. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 148(3), 137–150. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/614