Дуальді оқыту негізінде болашақ педагогтарды кәсіби даярлаудың маңызы ( Германия мен Қазақстан тәжірибесі)
Қаралымдар: 15 / PDF жүктеулері: 14
Аңдатпа
Мақалада Германияның дуальді білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың үш кезеңдік мәселесі қарастырылады. Сондай-ақ еліміздегі болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау жүйесіне салыстырмалы талдау жүргізіледі. Осыған сүйене отырып, болашақ мұғалімдерді даярлаудың неміс жүйесіндегі екі жақтылық модельдері және оның ерекшеліктері анықталды. Қазақстандағы кәсіби білім беру жүйесінде дуальді оқыту элементтерін енгізу мәселесі қарастырылады. Германиядағы болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесіндегі дуальдылық моделін зерделеу негізінде Қазақстандағы жоғары педагогикалық білім беру процесіне дуальды оқыту элементтерін енгізу бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
Зерттеу барысында біз Германиядағы болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау үдерісін талдадық. Бірінші ерекшелігі, оның нормативтік құжаттарына сүйене отырып, болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау мамандықтар бойынша емес, түрлері бойынша жүзеге асырылады. Мысалы, 6 типті мұғалімдерді даярлау мәселесі көрсетілді.
Сондай-ақ Германия мен Қазақстанда дәстүрлі және дуальді оқытуға салыстырмалы талдау жүргізілді, сондай-ақ жоғары оқу орындарында білім беру процесінің идеологиялық және функционалдық-дидактикалық құрылымын өзгертуге бағытталған дуальді оқыту элементтерін енгізу туралы деректер зерделенді. Осылайша, бұл Германия мен Қазақстандағы болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығында көрініс тапқан дуальді оқыту элементтерін анықтай отырып, қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.