Жоғары оқу орындарында техникалық пәндер бойынша курстық жобалауды басқару мәселелері
Қаралымдар: 64 / PDF жүктеулері: 54
Кілт сөздер:
курстық жобалау, жобаны басқару, жұмыс берушілердің күтулері, студенттердің өзіндік жұмысы, уақытты жоспарлау, сыни тізбек әдісіАңдатпа
Мақалада жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтары бойынша білім алушылардың курстық жобалауын басқару мәселесі қарастырылады. Аталмыш мәселе курстық жобаны белгіленген уақытта ұсынбаған студенттер санының көбеюіне байланысты көтеріліп отыр.
Курстық жобамен жұмыс өзіндік жұмыстың басқа түрлері сияқты, шығармашылық ойлауды дамытады, кәсіби мәселелерді шешу жолдарын үйретеді, белгілі бір жұмыс көлемін жоспарлауға және оның орындалу сапасына жауапкершілікпен қарауға дайындайды. Мамандық пәндері бойынша курстық жобалау көлеміндегі жұмыс кестесін бұзу және/немесе өз бетінше тапсырманы орындай алмау тұрақты түрде байқалуының әртүрлі себептері бар.
Дегенмен, бұл студенттердің жауапкершілік, бейімделу, тәуелсіздік, жаңа дағдыларды үйрену және стандартты емес жағдайларда шешім табу қабілеті сияқты дағдыларының жеткіліксіздігін көрсетеді. Яғни жұмыс берушілер мұның негізгі және ең маңызды дағдылардың бірі екендігін айтады. Мақалада бірнеше себептер анықталып, оқытушылар тарапынан білім алушылардың жұмысын жоспарлауға басты назар аударылды. Жоспарлау және уақытты бақылау мақсатында білім алушыларға өндірісте тиімділігі дәлелденген және білім алушылардын өздік жұмысын жоспарлауда пайдалы болуы мүмкін сыни тізбек әдісінің қағидаттарын қолдану ұсынылды. Гипотетикалық курстық жобаның мысалында курстық жобаның міндеттерін шешу үшін оқу жоспарында уақыттың орташа бөлінуі көрсетіліп, сыни тізбек әдісімен анықталған. Білім алушылардың өз жұмысын мұқият жоспарлауы курстық жобаны неғұрлым қысқа мерзімде орындауға мүмкіндік береді де, бұл жобаны қорғау уақытының бұзылуын болдырмайды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.