Қазақстанның кәсіби-педагогикалық даярлау жүйесіндегі цифрлық білім


Қаралымдар: 81 / PDF жүктеулері: 69

Авторлар

Кілт сөздер:

технологиялық процесті қабылдау моделі (ТАМ – technology acceptance model), мотивация, жоғары мектеп, оқытушы, цифрлық технологиялар

Аңдатпа

Мақалада жоғары білім берудегі цифрлық технологиялар аспектісінде технологиялық процесті (ТАМ – technology acceptance model) қабылдау моделі қарастырылады. Авторлар жоғары мектеп оқытушыларының технологияны қолданудың мотивациялық саласын зерттеуді ұсынады.

Мақалада оқытушылардың Coursera платформасының мотивациялық курстарына қатысуының аралық және қорытынды нәтижелері келтірілген. Зерттеу барысында алынған негізгі нәтижелер жоғары мектепте цифрлық білім беру технологияларын пайдалану мотивациясының жеткіліксіз деңгейін көрсетеді. Технологияны қолдану фрагментті. Халықаралық курстарға белсенді әрі тікелей қатысу цифрлық білім беру технологияларын пайдалану уәждемесінің жекелеген сипаттарын арттырады.

Зерттеудің негізгі нәтижелері мынадай аспектілерді қамтыды: Coursera платформасы дәстүрлі білім беруден жоғары оқу орындарында оқытудың аралас форматына көшу үшін пәрменді ынталандыру ретінде қызмет етеді; жаңа цифрлық тақырыптар мен құралдарды енгізу мақсатында оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын модификациялау ұсынылған зерттеуде нақты практикалық нәтижелерді көрсетеді; технологиялық процесті қабылдау моделі (ТАМ – Technology acceptance model) жоғары оқу орындары оқытушыларын цифрлық құралдарды пайдалануға ынталандыру деңгейін тиімді бағалауға негіз болады.

Жүктеулер

Жарияланды

29.03.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Конвисарь A., Бежина V., & Муканов M. (2024). Қазақстанның кәсіби-педагогикалық даярлау жүйесіндегі цифрлық білім. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 146(1), 283–292. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/680

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика