Медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық құзыреттілігін дамыту бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерделеу
Қаралымдар: 147 / PDF жүктеулері: 137
Кілт сөздер:
медиа, медиабілім, медиабілім үдерісі, құзыр, құзыреттілік, ақпараттық құзыреттілік.Аңдатпа
Қазіргі жаһандық кезеңде білім беру жүйесінің міндеттері – мемлекетті
білікті кадрларлармен қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау,
тұлғаның дамуы мен кәсіптік шыңдалуына бағытталған сапалы білім. Осы
міндеттердің жүзеге асуы ЖОО-ны тарапынан қажетті жағдайлар жасалып,
білім берудің заманауи деңгейде тиімді ұйымдастырылуымен байланысты. Бүгінгі
ақпараттық коммуникациялық технологиялар ғасырында білім берудің жаңа
тенденцияларының бірі – медиабілім беру. Тұлғаның кәсіби дамуын медиабілім
үдерісі арқылы жүзеге асырса, өз ортасында ақпаратты сауатты қолданатын,
медиақұзыретті маман иелері шығады. ЖОО-ны түлегі медиасауатты, ақпараттық
білімі мен кәсіби құзыреттілігі дамыған болса, мамандығы бойынша өнімді еңбек
етіп, азаматтық белсенділік таныта отырып, жоғары нәтижелерге жететіні
анық. Бүгінгі таңда компьютерлік және ақпараттық даму қарқынының артуы,
ақпараттық құзыреттілікті жалпы құзыреттіліктің маңызды саласына айналдыра
отырып, оны жан-жақты, тереңінен қарастырып, ғылыми зерттелуін талап етеді.
Мақалада отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектеріндегі «медиабілім»,
«медиабілім беру үдерісі», «құзыреттілік», «ақпараттық құзыреттілік» ұғымдарына
берген анықтамалары талданып, тұжырымдамалар берілді. Сонымен қатар,
студенттердің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту бойынша
жазылған отандық ғалымдардың ғылыми жұмыстары салыстырыла талданып,
зерттеу аймағына қарай топтастырылды. Тақырып аясындағы ғылыми еңбектерді
зерделей келе, авторларлар медиабілім үдерісінде студенттердің ақпараттық
құзыреттілігін дамытуға байланысты ұсынымдар берген. Студенттердің медиабілім үдерісінде ақпараттық құзіреттілігін дамыту, еңбек нарығы жағдайына бейімделуге мүмкіндік бере отырып, өзіндік білім деңгейін жүйелі түрде үнемі жетілдіруге ынталандырады, кәсіби және ақпараттық сауаттылығын толықтыру қажеттілігіне дағдыландырады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.