Техникалық мамандықтарда іргелі және бейіндеуші пәндерді оқытуда есептің транспәндік моделін қолдану
Қаралымдар: 19 / PDF жүктеулері: 35
Кілт сөздер:
транспәндік тұғыр, транспәндік модель, Т-тәріздес дағдылар, мета дағдылар, физика, математика, интеграция.Аңдатпа
Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер математика мен физиканы жаңа қырынан қарауға мүмкіндік беретін транспәндік тұғырды қолдануға жаңа екпін беруде. Аталған тренд кәсіби салада, қоғамда болып жатқан күрделі пәнаралық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін әмбебап әдіснаманың пайда болуына, жетілдірілуіне әсер ететін бірден бір фактор болып табылады. Осыған байланысты жекелеген білім беру бағдарламалары бойынша болашақ мамандарды даярлауға, білім беруде транспәндік тұғырды қолдануға, білім беру жүйесінің сапасын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін инновациялық оқыту технологияларын қолдану әдістемесін жүзеге асырудың жаңа тәсілдері мен жолдары қажет болады. Математика мен физиканың жетістіктеріне негізделген жаңа әдіснама жаратылыстану және техникалық ғылымдардың практикалық қолданысының шекарасын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Зерттеуде пәнаралық мәселелерді шешуде математикалық және физикалық ғылымдардың маңыздылығына жасалған талдау ғылыми таным әдіснамасының негізгі бағыты болып саналатын жүйелік тұғыр негізінде жүргізілді. Мақалада транспәндік тұғыр негізінде жоғары оқу орнының техникалық мамандықтарда физика, математика және бейіндеуші пәндердің интеграциясын жүзеге асырудың әдістемесі келтіріледі.
Зерттеу міндеттеріне сәйкес: 1) «Аспап жасау» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттерге қажет болатын «Т-тәріздес» дағдылар анықталды; 2) жоғары оқу орны студенттерінің жаратылыстану-ғылыми және инженерлік даярлығына оң әсерін тигізетін транспәндік модельдің дидактикалық жиынтығы құрастырылды; 3) транспәндік модельдің «Аспап жасау» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларын даярлауға тигізетін оң әсері педагогикалық эксперимент жүзінде тексерілді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.