Тіл үйрену стратегиялары: Lesson Study үдерісі негізінде стратегиялардың пәнаралық тасымалдануы контексіндегі түсініп оқуды оқыту моделі
Қаралымдар: 67 / PDF жүктеулері: 55
Аңдатпа
Мақалада пәнаралық контексте қазақстандық оқушылардың оқу дағдыларын дамыту мәселесін шешу үшін тіл үйрену стратегияларын оқыту әдіснамасын зерделей келе түсініп оқуды оқыту құрылымы мен моделін әзірлеу жұмысы қарастырылған. Талдау және синтездеу, салыстырмалы талдау, құрылымдық талдау және модельдеу теориялық зерттеу әдістерін қолдана отырып: 1) «жалпылау» стратегиясын модельдеуге арналған «дауыспен ойла» әдісінің нұсқау құрылымы, 2) өзін-өзі оқыту контекстіндегі сұрақтар мен мәлімдемелерден құралған танымдық, метатанымдық, әлеуметтік және аффективті оқу стратегиялары таксономиясы, 3) пәнаралық сабақты зерттеу (Lesson Study) дизайны, 4) саралап және сыни тұрғыдан ойлау әдістерінің тілдік стратегияларды оқытумен өзара байланысы, 5) теоретиктердің үш оқыту модельдерінің бір-бірімен өзара байланысқан иерархиялық құрылымы зерттелінді. Нәтижесінде пәнаралық сабақты зерттеу үдерісі аясында түсініп оқуды оқытудың кешенді құрылымы мен моделі құрастырылды. Сондай-ақ тіл үйрену стратегияларын оқытудың принциптері әзірленді. Модель бес кезеңнен тұрады: алдын ала диагностика, зерттеу алдында стратегияларды оқыту, көп циклді пәнаралық сабақты зерттеу кезеңі, диагностикадан кейінгі кезең және жаңа білімді қалыптастыру. Түсініп оқуды оқыту құрылымы пәнаралық контекстінде оқу стратегияларын сапалы оқытуға бағытталған нұсқау ретінде мұғалімдерге қызмет етуі әбден мүмкін. Модель тіл үйрену стратегияларының теориялық, әдіснамалық, әдістемелік компоненттерін зерттеу үшін маңызды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.