Кейс әдісінің қолдану арқылы дипломдық жобаларды дайындау және қорғау технологиясы
Қаралымдар: 120 / PDF жүктеулері: 5
Кілт сөздер:
дипломдық жоба, кейс әдісі, білім алушылар, университет, ChatGPT, плагиат.Аңдатпа
Жоғары пайызбен басқа жұмыстардан мазмұнды алу жағдайында дипломдық жобаларды жазу кезінде, білім алушылар мен ғылыми жетекшілердің түпкілікті нәтижеге деген төмен мотивациясы және оқуды бітіргеннен кейін түлектерді жұмысқа орналастыру пайызын арттыру қажеттілігі авторлардың шешуге тырысқан зерттеу мәселесі болды. Авторлар халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, атап айтқанда Қазақстан Республикасында кең таралмаған, дипломдық жобаларды дайындау және қорғау технологиясын өзгерте отырып, университетте белгіленген ережелерді сақтай отырып, білім алушыларға құрылымдалмаған кейстерді қолдануды енгізді.
Мақаланы жазудағы мақсат – дипломдық жобаларды дайындау және тапсыру процесін ұйымдастырудың әртүрлі технологияларын салыстырмалы талдау, оларды шартты түрде дәстүрлі технологиялар мен кейс-әдісті қолданатын технологияларды таңдау болды. Зерттеу он айға созылды, оның барысында 46 білім алушы екі топқа бөлінді. Әр топ бір үлгі бойынша диплом жобаларын дайындап, қорғады. Статистикалық әдістерді қолдану арқылы алынған нәтижелері (t-критерия Стьюдент) кейс әдісін қолдану арқылы дипломдық жобаны дайындау және қорғау моделі тиімдірек деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді, бұл білім алушылар мен ғылыми жетекшілердің жауапкершілігін арттыруға бағыттады. Сонымен қатар оқуды аяқтағаннан кейін олардың жұмысқа орналасуына әсер ететін кәсіби дағдыларды дамытуға ықпал етті.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.