Математиканы оқытудың қолданбалы бағыттылығы
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
қолданбалы бағыттылық, математикалық модель, пәнаралық байланыс, ойлау, дамытуАңдатпа
Мақалада математика курсын оқытудың қолданбалы және практикалық
бағыттылығын жүзеге асырудың негізгі бағыттары қарастырылады. Адам өмірінің әртүрлі салаларында математикалық білімнің қажеттілігінің артуы бүгінгі күннің талабы болып отыр. Қазіргі таңда ғалымдар да, жоғарғы және орта буынның техникалық инженер қызметкерлері де, халық шаруашылығының түрлі салаларындағы білікті мамандар да өз қызметтерінде математикалық аппаратты шебер пайдалана алуы керек. Математиканы қолданбалы бағытта оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері тәжірибемен тағайындалады. Математиканың ғылым ретінде қазіргі таңда қолданылу саласы шексіз: ғылымда, техникада, өндірісте, білім және т.б. салаларда. Математика адамзат өмірінің алуан түрлі салаларында кеңінен қолданылатындықтан, ЖОО-да осы ғылымның қолданбалы аспектілерін оқыту маңызды болып табылады.
Сондықтан, математикалық сауаттылықты қалыптастырудың қажеттілігі туындайды, өйткені тәжірибе жүзінде математикалық аппаратты пайдалана білудің негізінде оқытудың, үйретудің маңыздылығы артып отыр. Математиканы оқытудың қолданбалы және практикалық бағыттылық туралы қажет білімдерді, іскерліктер мен дағыдыларды болашақ мұғалімдер жоғары оқу орнынан алып шығуы тиіс. Қолданбалы және практикалық математика білімдері оқушылардың болашақ еңбегінде, мамандығында пайдалы болмақ.






