Қазіргі білім берудің дағдарысы
Қаралымдар: 4 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
білім беру дағдарысы, (ИСО) жекелеп оқыту әдісі, individual method of learning (IML), топпен оқыту әдісі (ГСО) group method of learning (GML), ұжымдық оқыту әдісі (КСО) collective method of learning (CML)Аңдатпа
Қазіргі уақытта барлық елдерде жүргізіліп жатқан білім беру реформалары ең алдымен
«үздік әлемдік тәжірибені» алу негізінде жүзеге асырылады. Алайда, халықаралық салыстырмалы зерт
теулердің нәтижелері көрсеткендей (PISA, TIMSS, TALIS және т.б.), олар күтілетін білім сапасын қамтамасыз етпейді.
Дағдарыс өтетін себептерді, шарттарды және жағдайларды жан-жақты талдау, оның тікелей себебі оқу-тәрбие процесінің ескірген механизмі, жалпы педагогикалық процесс, оның ұйымдастырылуы мен әдістері, барлық білім беру технологиясы болып табылады деп айтуға негіз береді.
Осыған байланысты педагогикалық зерттеулерге, ең алдымен оқыту мен тәрбие ғылымы ретінде дидактикаға сүйену керек, оның ең маңызды міндеті білім берудің тиімді даму жолдарын түсіндіру және болжау болып табылады.
Мақалада білім берудегі әлемдік дағдарыс, оның себептері мен белгілері, дағдарыстың тікелей себептері туралы мәселелер тақыланады. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша ұжымдық оқыту әдісіне көшумен байланысты білім беруді одан әрі үдемелі дамытудың негізгі бағыты ұсынылады.






