Медбикелердің жұмысындағы кәсіби күйіну синдромын туындататын факторлар


Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Е.Б. Әбдіғалиев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
  • Г.К. Айкинбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті

Кілт сөздер:

күйіну синдромы, күйіну синдромына әкелетін факторлар, эмоционалды күйіну, медбикелер

Аңдатпа

Мақалада күйіну синдромы жайлы мәселе қарастырылады. Негізгі бөлімде
күйіну синдромы жайлы жалпы теориялық шолу жасалған. Күйіну синдромы терминінің пайда болу тарихы баяндалған. Әртүрлі ғалымдар теорияларына назар аударылған, ерекшеліктері көрсетілген. Сонымен қатар күйіну синдромына әкелуі мүмкін факторлар мен себептер жайлы теориялар баяндалған. Әр кері әсер етуші факторға толық анықтама берілген, ерекшелігі айқындалған. Зерттеу бөлімінде медбикелер арасында жүргізілген кішігірім зерттеудің нәтижелері толық берілген. Зерттеу нәтижелері сандық және графиктік түрде көрсетілген. Мақалада негізгі назар медбикелердің  жұмысындағы күйіну синдромына себепші болатын факторлар мен жайттарға қойылған. Медбикелердің жұмысына кері әсерін тигізетін нақты факторлар жайлы ақпарат берілген.
Әр фактордың өзіндік кері әсер ету ерекшеліктері баяндалған. Мақала соңында қарастырылған мәселеге жалпы қорытынды жасалған.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Әбдіғалиев, Е. ., & Айкинбаева, Г. . (2024). Медбикелердің жұмысындағы кәсіби күйіну синдромын туындататын факторлар. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 127(2), 121–129. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1932

Журналдың саны

Бөлім

Психология

Most read articles by the same author(s)