Әлеуметтікперецепцияның эксперименттік зерттелуі
Аннотация
Кез келген адам әлеуметтік ортадан оқшау өмір сүре алмайды. Өмір бойы біз айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасқатүсеміз, тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастырамыз, адамдардың тұтас топтары бір-бірімен байланыс орнатады, осылайша әрқайсымыз сансыз және алуан түрлі қарым-қатынастардың субъектісіне айналамыз. Әңгімелесушігеқалай қарайтынымыз, онымен қандай қарым-қатынас жасайтынымыз, көбіне қарым-қатынас серіктесін қалай қабылдап, қалай бағалайтынымызға тікелей байланысты. Адам қарым-қатынас жасай отырып, әр әңгімелесушінің сыртқы келбетін, мінез-құлқын бағалайды. Осы ретте жасалған бағалау нәтижесінде әңгімелесушіге деген белгілі бір қатынас қалыптасып, оның ішкі психологиялық қасиеттері туралы жеке тұжырымдар жасалады. Бір адамның екінші адамды қабылдауының бұл механизмі қарым-қатынастың ажырамас бөлігі болып табылады, әрі әлеуметтік перцепцияға жатады. Мақала авторлары әлеуметтік перецепция ұғымын қарастыра отырып, әр түрлі зерттеушілер жүргізген әлеуметтік перцепцияның эксперименттік зерттеулерінің нәтижелерін ұсынады. В.С. Агеев, А.А. Бодалев, А.И. Донцов, Ш.В. Саркисян, Дж. Лендель, Дж. Такер, Х. Фридман, В.Е. Каган, Д. Хартли, Н.А. Васильева, Ш. Берн, А.Г. Шестакова сынды ғалымдардың әлеуметтікперцепцияға арналғанзерттеулеріне талдау жасалып, респонденттердің әлеуметтік перцепциясына ықпал ететін себеп салдарларға сипаттама берілген. Зерттеу заңдылықтары мен әлеуметтікперцепцияны зерттеуге арналған терминологиялық және психодиагностикалық аппараттың қалыптасуыталданады. Мақалада әлеуметтік перцепцияның теориялық және Әлеуметтік перецепцияның эксперименттік зерттелуіэмпирикалық жоспарының талдауы, диагностикалық материалдарды іріктеу тәртібі берілген. Зерттеу эксперименттік жұмысты ұйымдастырудың жалпы формасын бөліп көрсетуге және қосымша зерттеулерді қажет ететін тақырыптарды анықтауға мүмкіндік берді.Загрузки
Опубликован
15.03.2023
Как цитировать
Айкинбаева, Г. (2023). Әлеуметтікперецепцияның эксперименттік зерттелуі. Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия: Педагогика. Психология. Социология, 142(1), 312–324. извлечено от https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/329