Әлеуметтік перецепцияның эксперименттік зерттелуі


Қаралымдар: 110 / PDF жүктеулері: 22

Авторлар

  • Г.К. Айкинбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Г.М. Сулейменова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

перцепция, әлеуметтік перцепция, ерлер, әйелдер, ерекшеліктер, қарым-қатынас, эксперимент.

Аңдатпа

Кез келген адам әлеуметтік ортадан оқшау өмір сүре алмайды. Өмір бойы біз айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасқа түсеміз, тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастырамыз, адамдардың тұтас топтары бір-бірімен байланыс орнатады, осылайша әрқайсымыз сансыз және алуан түрлі қарым-қатынастардың субъектісіне айналамыз. Әңгімелесушіге қалай қарайтынымыз, онымен қандай қарым-қатынас жасайтынымыз, көбіне қарым-қатынас серіктесін қалай қабылдап, қалай бағалайтынымызға тікелей байланысты. Адам қарым-қатынас жасай отырып, әр әңгімелесушінің сыртқы келбетін, мінез-құлқын бағалайды. Осы ретте жасалған бағалау нәтижесінде әңгімелесушіге деген белгілі бір қатынас қалыптасып, оның ішкі психологиялық қасиеттері туралы жеке тұжырымдар жасалады. Бір адамның екінші адамды қабылдауының бұл механизмі қарым-қатынастың ажырамас бөлігі болып табылады, әрі әлеуметтік перцепцияға жатады. Мақала авторлары әлеуметтік перецепция ұғымын қарастыра отырып, әр түрлі зерттеушілер жүргізген әлеуметтік перцепцияның эксперименттік зерттеулерінің нәтижелерін ұсынады. В.С. Агеев, А.А. Бодалев, А.И. Донцов, Ш.В. Саркисян, Дж. Лендель, Дж. Такер, Х. Фридман, В.Е. Каган, Д. Хартли, Н.А. Васильева, Ш. Берн, А.Г. Шестакова сынды ғалымдардың әлеуметтік перцепцияға арналған зерттеулеріне талдау жасалып, респонденттердің әлеуметтік перцепциясына ықпал ететін себеп салдарларға сипаттама берілген. Зерттеу заңдылықтары мен әлеуметтік перцепцияны зерттеуге арналған терминологиялық және психодиагностикалық аппараттың қалыптасуы талданады. Мақалада әлеуметтік перцепцияның теориялық және эмпирикалық жоспарының талдауы, диагностикалық материалдарды іріктеу тәртібі берілген. Зерттеу эксперименттік жұмысты ұйымдастырудың жалпы формасын бөліп көрсетуге және қосымша зерттеулерді қажет ететін тақырыптарды анықтауға мүмкіндік берді.

Жүктеулер

Жарияланды

15.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Айкинбаева, Г., & Сулейменова, Г. (2023). Әлеуметтік перецепцияның эксперименттік зерттелуі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 142(1), 312–324. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/329

Журналдың саны

Бөлім

Психология