Аутистік спектрлі бұзылыстары бар балалармен жеке-дара жұмыс барысында коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру


Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

  • С.А. Стельмах С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан университеті
  • Е.И. Барабанова С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан университеті
  • И.К. Мацкевич С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан университеті
  • Д.Б. Оспанова С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан университеті
  • Н.А. Ладзина С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

аутистік спектрлі бұзылыстары бар балалар, коммуникативті дағдылар, әлеуметтік өзара әрекеттесудің бұзылуы, АВА-терапия, онтогенездің орнын басатын әдіс, сенсорлық интеграция, музыкотерапия, ойын терапиясы, ABLLS-R сауалнамасы, RCDI-2000 шкаласы

Аңдатпа

Мақалада аутистік спектрлі бұзылыстары бар балалардың коммуникациясын дамыту бағдарламасы бойынша түзету жұмыстарының нәтижелері сипатталған. Аутизмі бар балалардың коммуникативті дағдыларын қалыптастыруда коммуникацияға ықпал етуші және қозғаушы ересек бола (дефектолог маман) отырып, алғашқы жұмыстың жеке-дара форматта болу қажеттілігі айқындалған. Коммуникацияның негізгі құрылымдары, осы құрылымдардың АСБ бар балаларда даму сипаттамасы және оларды
қалыптастыру, дамыту тәсілдері анықталған. Түзету-дамыту бағдарламасына енгізілген негізгі әдістер – сенсорлық интеграция, музыкатерапия, АВА-терапия элементтері, ойын терапиясы әдістері болып табылады. Бағдарлама құрылымында оның негізге алып отырған басты қағидалары сипатталған. Осы бағдарламаны енгізудегі аутистік спектрлі бұзылыстары бар үш баланың нәтижелері талданды, ABLLS-R сауалнамасы, RCDI2000 шкаласы арқылы коммуникация дағдыларының өзгеру динамикасы баяндалған. Сенсорлық интеграция, музыкатерапия, АВА-терапия элементерін, ойын терапиясы
әдістерін қолдану арықылы аутистік спектрлі бұзылыстары бар балаларда коммуникативті дағдыларды қалыптастыру бағдарламасы коммуникацияның негізгі құрылымдарын қалыптастыруға ықпал ететіні және осы категоряға жататын балалардың айрықша ерекшеліктерін ескеріп дайындалғаны анықталды. Балалардың эмоционалды-еріктік сфераларының дамуында айтарлықтай өзгерістер пайда болды, олар өз эмоцияларын, қалауларын, ниеттерін және жағдайға қатынасын еркін көрсете алды, коммуникативті мотивация қалыптаса бастады, коммуникацияның басты алғышарттары пайда болды.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Стельмах, С. ., Барабанова, Е. ., Мацкевич, И. ., Оспанова, Д. ., & Ладзина, Н. . (2024). Аутистік спектрлі бұзылыстары бар балалармен жеке-дара жұмыс барысында коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 133(4), 182–196. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1800

Журналдың саны

Бөлім

Психология