Отбасылық бизнестегі әйел рөлін зерттеулеріне шолу
Қаралымдар: 12 / PDF жүктеулері: 5
Кілт сөздер:
отбасылық бизнес, гендерлік теңдік, бизнестегі әйел, нарық экономикасы, отбасылық қарым-қатынас.Аңдатпа
Өткен ғасырдың соңғы онжылдықтары жаһандық құбылыстарға бай. Соның бірі – әйелдердің еңбек нарығына жаппай шығуы және олардың белсенді түрде өзін-өзі жұмыспен қамтуы. Мәселенің өзектілігі әйелдердің қоғамдағы және экономикадағы рөлі туралы дәстүрлі көзқарасты қайта қарау аясында айқын көрінеді. Соңғы уақытқа дейін әлеуметтанулық әдебиеттерде әйелдердің даму процесіндегі рөлі оның репродуктивті функциясына немесе еңбек ресурстарын арттырумен байланысты, ал оның экономикалық әлеуеті аз қарастырылған. Әйелдер еңбегі маргиналды және кездейсоқ деп саналды. Қоғамда әйелдің еңбегіне қалыптасқан көзқарастың себептері ер адамдарға бұрыннан қалыптасқан тәуелділіктен, шығармашылыққа, билікке, капиталға қол жетімділіктің болмауынан және кемсітушіліктің әртүрлі түрлерінен туындады. Мақалада әлеуметтану ғылымындағы отбасылық бизнестегі әйелдердің рөлін зерттеулерге шолу «отбасылық бизнес» ұғымына анықтама беруден басталып, әлеуметтанулық бағыттардағы отбасылық бизнестегі әйелдің түсініктеріне тоқталумен жалғасады. Одан кейін отандық және шетелдік әлеуметтану ғылымындағы теорияларға және зерттеулерге талдау жасалынды. Сонымен қатар мақалада әйелдердің отбасылық бизнесте кездесетін кедергілер және олардың отбасылық кәсіпке қатысуына ықпал ететін факторлар қарастырылған.
Ғылыми зерттеулерде әйелдердің отбасылық бизнестегі рөліне көбірек назар аударылып, олардың ұйымдар табыстылығы мен тұрақтылығына ықпалының артуы байқалады. Көшбасшылық дағдыларды дамыту, ресурстарға қол жеткізу және олардың бизнес-процестерге қатысуын қолдау отбасылық кәсіпкерлікті одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.