Студенттерде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістері
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
функционалдық сауаттылық, функционалдық сауатсыздық, әдістер, эксперимент, тестілеу, зерттеуАңдатпа
Бүгінгі таңда білім беруде ақпаратты жинау және есте сақтау емес, оны дұрыс қолдану дағдысын игеру өзекті болып отыр. Кез-келген ақпаратты дұрыс түсіну, талдау және пайдалану дағдылары маңызды. Бұл дағдылар оқу мәтіндерімен әртүрлі жұмыс жасау процесінде қалыптасады. Мақалада студенттердің функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын әдістерді анықтау мақсатында жүргізілген эксперимент нәтижелері қарастырылады. Экспериментте іс-әрекеттегі зерттеу әдісі қолданылды. Зерттеуді іс-әрекетте сәтті орындау үшін авторлар зерттеу аясын анықтап, эксперимент өткізді, содан алынған нәтижені ой жүйегінен өткізіп, соңында қорытындылар бойынша әдетті сәтті өзгерту және студенттердің функционалдық сауаттылығы туралы хабардарлығын арттыру үшін ұзақ мерзімді зерттеу қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ, функционалдық сауаттылықты арттыру үшін студенттердің оқыған материалдарының түсінігін және тілді меңгеруін жақсарту қажет екендігі де айқындалды.






