Жоғары оқу орындарында Кайдзен технологиясын қолданудың тиімділігі


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • А.А. Кременчуцкий Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Р.С. Ахитова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.К. Альжанов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

жоғары білім, Кайдзен технологиясы, білім беру сапасын арттыру, тиімділік, кейс-технологиялар

Аңдатпа

Мақалада қазіргі кезде жоғары білім беру жүйесіндегі тиімді білім беру технологияларының бірі, оқыту мен білім беру саласында үнемі жетілдіруге негізделген Кайдзен технологиясы сипатталған. Бүгінгі таңда білім беру сапасын жақсартуға бағытталған көптеген оқыту технологиялары бар.
Бұл зерттеу Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі (Нұр-сұлтан, Қазақстан) студенттерді оқыту үрдісінде Кайдзен технологиясын қолдануды тестілеуге арналған. Жоғары оқу орындарында Кайдзен технологиясын қолданудың тиімділігін анықтау мақсатында бір семестр ішінде келесідей тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізілді: университет студенттері Кайдзен кейс-технологиясы қолданумен әзірленген сабақтарға қатысты. Студенттер ұсынылған жағдаяттарды түсініп, оларды шешудің әдістерін табуы керек еді. Жалпы, эксперимент нәтижесі бойынша Кайдзен технологиясын жоғары оқу орындарында қолданудың мүмкін екендігі көрсетілді және бұл басқа зерттеушілердің нәтижелерімен сәйкес келді. Ұсынылған кейстердің көпшілігін студенттер сәтті орындады. Оқытудың бұл тәсілі студенттер арасында бірқатар маңызды қасиеттерді дамытады, мысал ретінде тұлғааралық қатынастарды жақсарту және тапқырлық.

Жүктеулер

Жарияланды

20.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кременчуцкий, А. ., Ахитова, Р. ., & Альжанов, А. . (2023). Жоғары оқу орындарында Кайдзен технологиясын қолданудың тиімділігі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 138(1), 594–601. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1612

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика