Инклюзивті білім берудің шетелдік тәжірибесіне шолу
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
инклюзивті білім беру, тәжірибе, шолу, дамыған елдер, зерттеулерАңдатпа
Инклюзивті білім беру жүйесіне тиесілі шетелдік зaңнaмaлaр елімізге жетіп
келгеніне көп болған жоқ. Бұл жүйенің елімізде енгізілуінде, дамуында шетелдік тәжірибелердің үлесі мол. Мақалада дамыған елдердегі инклюзивті білім беру жүйесінің даму тарихындағы жетістіктеріне шолу жасалынады. Артықшылықтары мен кемшілік тұстары зерттеледі. Италия, Швеция, Финляндия, Франция елдерінің инклюзивті білім беру жүйесіндегі ерекшеліктеріне көңіл бөлінді. Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесінің қазіргі таңда өзекті мәселелер қатарында екені айқын.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында алдымызға қойылған міндеттерді орындай отырып мақсатымызға жету көзделген. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі бағыттары көрсетіліп өтілді. Сонымен қатар ғалымдардың зерттеулері, еңбектеріне де шолу жасалынды.






