Пандемия кезеңінде біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру ерекшеліктері мен туындаған мәселелер туралы
Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
біліктілікті арттыру, мансап болашағы, онлайн курстар, презентациялар, тренингтер, мониторинг, сауалнамаАңдатпа
Мақалада төтенше жағдай-пандемия кезеңінде М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің мысалында туындаған университеттің ПОҚ мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қашықтықтан оқыту форматында ұйымдастыру мәселелері қарастырылады. Алдағы өзгерістерге дайын болу үшін университет қызметкерлерінің біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар талданады. Оқыту курстарының тыңдаушыларына кіру және шығу диагностикасын (сауалнама) жүргізу арқылы барлық деңгейлерде біліктілікті арттыру курстарының сапасы, тиімділігі және талап етілуі бойынша зерттеулердің нәтижелері келтіріледі. Құрылымдық бөлімшелер, нақты санаттағы тыңдаушылар үшін оқытуды
одан әрі басқару және қажеттілігін анықтау үшін онлайн режимде өткізілетін оқыту курстарының әлсіз және күшті жақтары айқындалады. Университет қызметкерлерін оқытудың сыртқы және ішкі курстарын ұйымдастыру арқылы адами ресурстардың, ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыратын, мақсатқа сай ұйымдастырушылық өзгерістер жүргізетін факторлар қарастырылады.






