Болашақ педагог-психологтердің нарративке қабылеттілігін дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін зерттеу
Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1
Кілт сөздер:
нарратив дамуы, нарративке қабылеттілік, болашақ педагог-психологтерді оқытуАңдатпа
Кәсіби білім беруді жетілдіру үшін болашақ педагог-психологтердің нарративке қабылеттілігін қалыптасу деңгейін арттыру үшін оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологияларын уақтылы енгізу қажет. Бұл үшін нарративті жетілдірудің білім беру бағдарламаларын іс жүзінде әзірлеу және сынақтан өткізу, қазіргі заманғы педагогтарды кәсіптік даярлаудың бүкіл жүйесін жаңғырту маңызды. Қазіргі заманғы педагог- психологтердің кәсіби мәдениетінің жоғары деңгейіне ие болуы, оның
құрамдас бөліктерінің бірі коммуникативтік құзыреттіліктер жиынтығы, тұлғаның коммуникативтік қасиеттері жүйесі туралы терең лингвистикалық білім ретінде әңгімелеу, оқиғалар мен өз ойларын ұсыну
мәдениеті болып табылатыны даусыз. Бұл адамға өз ойларын еркін білдіруге және оңтайлы шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. ҚР жоғары оқу орындарындағы педагогикалық қызметтің жағдайын талдай отырып, болашақ педагог-психологтердің кәсіби дайындықтағы нарративін қалыптастыру тиісті деңгейде жүзеге асырылмаған деп айта аламыз. Нәтижесінде адам өмірінің әртүрлі салаларындағы қарым-қатынас процесі айтарлықтай кемшіліктермен жүреді. Университетте кәсіби дайындық процесінде болашақ педагог -психологтердің нарративке қабілеттілігін қалыптастыру мәселесі өте маңызды, өйткені бұл жоғары мәдениеттің эталоны және тасымалдаушысы болып табылатын мұғалім.






