Бастауыш сынып оқушыларына математика сабағында білім сапасын көтеру үшін топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесі
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
топтық жұмыс, математика пәні, бастауыш сынып, білім сапасы, оқыту, ұйымдастыру, әдістеме, оқушы мүмкіндігіАңдатпа
Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының математика сабағында
білім сапасын көтеру үшін топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесінің мәселесі қарастырылды. Оқушылардың білім сапасын арттырудағы топтық жұмыстың рөлі туралы айтылады. Топтық жұмыс арқылы әр оқушының өзін тану мүмкіндігін анықтауға жол ашылып, сабаққа деген ынтасының артуы практикада байқалғандығы нәтижесі сипатталған. Бастауыш сынып математикасын оқыту барысында топтық жұмыстарды ұйымдастырудың артықшылықтары қарастырылған. Топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру принциптері келтірілген. Топтық жұмыстың бастауыш сынып оқушыларына қандай пайдасы бар екені туралы мәлімет берілген. Оқушылар арасында
топтық жұмыс жүргізу арқылы тұйық оқушылар мен оқуы төмен оқушылардан байқауға болатын өзгерістер, топта жұмыс істеудің оң әсерлері бар екені туралы жазылды. Жалпы топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы білім сапсын көтеруге болатындығы зерттеліп, зерттеуден үзінді келтірілген.






