Жаңа білім беру бағдарламаларын ендіру жағдайында заманауи сабақтың дидактикасы


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Ш.Ш. Карбаева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Е.Т. Хоргасбай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

білім беру бағдарламалары; күтілетін нәтижелер, тұлғаға-бағдарланған білім, проблемалық-бағдарланған білім, контекстік және жүйелік-қызмет тәсілдері, қазіргі сабақ; географиялық білім беру; мақсат, мазмұн, форма және ақпараттық-білім беру ортасы; оқу іс-әрекеті

Аңдатпа

Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік стандартына сәйкес білім беру бағдарламалары дайындалуда, онда білім сапасы талаптарына жоғары шек қойылуа. Білім беру бағдарламалары білім алушылардың тұлғалық, метапәндік және пәндік оқу нәтижелеріне бағытталған. Модульдердің
мазмұнын әзірлеу құзыреттілік түрінде сипатталатын күтілетін оқу нәтижелерін жоспарлаудан басталады. Күтілетін нәтижелер білім алушылардың оқыту, оқу іс-әрекетімен оның нәтижелерін бағалау арасындағы байланысты нығайтады, сондай-ақ оқыту бағдарламасының фокусын білім алушылардың оқу іс-әрекетіне ауыстыруға мүмкіндік береді. Оқу нәтижелеріне жету үшін білім беру бағдарламаларының мақсаты, мазмұны, формасы және ақпараттық-білім беру ортасы тұтасымен өзгеріп отыр.
Қазіргі сабақ білім алушылардың жоғары технологиялы бәсекелестік әлемдегі өмір сүру жағдаяттарына дайын болатындай мемлекет пен еңбек нарқының сұраныстарына, білім алушылардың талаптары мен тілектеріне сәйкес келуі тиіс. Сабақ барысында білім алушыларда өзіндік және сыни, шығармашылық ойлау дағдылары, сондай-ақ білім алушылардың өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру қабілетін қамтамасыз ететін ұжымда жұмыс істей білу қалыптасады, бұл білім беру үрдісінің инвариантты негізі ретінде әрекет ететін әмбебап оқу іс-әрекеттері жүйесін дамытуға ықпал етеді. Қазіргі заманғы сабақ құзыреттілікке, тұлғаға бағытталған және проблемалық-бағдарланған дамытушылық білім беруді, сондай-ақ контекстік және жүйелік-қызмет тәсілдерін қамтамасыз етуге бағытталған. Мақалада
география пәні мысалында оқыту құралдары мен формаларын таңдау және оқу іс-әрекетінің алгоритмін дайындау мәселелері талқыланады.

Жүктеулер

Жарияланды

17.01.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Карбаева, Ш. ., & Хоргасбай, Е. . (2023). Жаңа білім беру бағдарламаларын ендіру жағдайында заманауи сабақтың дидактикасы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 135(2), 86–95. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1722

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика