Цифрлық білім беру ортасында болашақ педагог-психологтердің даярлау ерекшелігі


Қаралымдар: 246 / PDF жүктеулері: 829

Авторлар

  • Б.С. Байменова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • К.М. Габдуллина Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

ақпараттық қоғам, цифрлық білім беру ортасы, компьютерлік сауаттылық, ақпараттық мәдениет, цифрлық технологиялар, виртуалды білім беру ортасы

Аңдатпа

Мақалада цифрлық білім беру ортасында педагог-психологтерді даярлау ерекшеліктері теориялық тұрғыда дәлелденген. «Цифрлық білім беру ортасы», «цифрлық сауаттылық», «ақпараттық құзыреттілік» ұғымдарына тоқтала отырып, автор терминдерге анықтама берген. Осы ұғымдарға жан-жақты талдау жасалынған. Ғалымдардың еңбектері негізінде цифрлық экономика және цифрлы қоғам құрудың алғышарттары мен байланыстары, негізгі қағидалары анықталған. Бұл мемлекеттің жаңа қоғам құрудағы белсенді іс-әрекеті болып табылады.
Сондықтан да мақала мазмұнында еңбек нарығында сұранысқа ие, цифрлы технологияны жетік меңгерген, қоғам процесін түбегейлі өзгерте алатын, цифрлы құзыреттерге ие, өз бетінше шешім қабылдай алатын жаңа форматтағы тұлғаны қалыптастыру мәселесі сөз болады. Жаңа трансформациялық өзгерістер педагог-психологтің құзыреттілігіне жоғары талаптар қояды. Сол талаптарды ескере отырып, автор педагог-психолог мамандарды даярлау барысында жаңа жүйе құруды ұсынады. Педагог-психологтерді даярлаудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері талдауға алынады. Цифрлық білім беру мәселесімен айналысатын Рессей, Қазақстандық ғалымдардың еңбектері мақаланың мазмұнын тереңдете түседі.

Жүктеулер

Жарияланды

10.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Байменова, Б., & Габдуллина, К. (2023). Цифрлық білім беру ортасында болашақ педагог-психологтердің даярлау ерекшелігі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 141(4), 43–50. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/174

Журналдың саны

Бөлім

Педагогика