Психологиялық құзіреттілік феноменологиясын зерттеудің теориялық мәселелері


Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Ш.О. Орынгалиева Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Кілт сөздер:

құзіреттілік, психологиялық құзіреттілік, коммуникативті құзіреттілік, рефлексия, қарым-қатынас, психологиялық іскерлік

Аңдатпа

Қазіргі қоғамдық дамудың үрдісі өз іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын,
танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әр түрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас диалогына түсе алатын білімді тұлғаны тәрбиелеу мәселесін қойып отыр. Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір жағдайларына төтеп бере алатын білімгерлер ғана болашақтың кілтін аша алады. Сондықтан да қазіргі психология ғылымында тұлғаның қалыптасуындағы іс-әрекеттің маңыздылығы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Құзыреттілік - білім алушылардың білімі ғана емес, нақты құбылыстарды танып білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен
технологияны игеруде; практикалық өмірде; өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда; еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірден өз орнын анықтауға; өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар
мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.
Мақалада құзіреттілік, психологиялық құзіреттілік ұғымдарына анықтама берілген. Отандық және шетелдік психологияда кәсіби іс-әрекеттің табысты және субъектінің кәсіби дамуының тиімділік детерминанты ретінде психологиялық құзіреттілікті білім берудің негізі ретінде қарастыру мәселелері ғылыми тұрғыда тұжырымдалады. Психологиялық құзіреттілік
анықтамасына түсіндірмелі мінездеме бере отырып, оның өзіндік құрылымдық және мазмұндық ерекшелігімен даму, қалыптастырудың бағдарламасын ұйымдастыру жақтары да қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Орынгалиева, Ш. (2024). Психологиялық құзіреттілік феноменологиясын зерттеудің теориялық мәселелері . Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 128(3), 133–139. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1915

Журналдың саны

Бөлім

Психология

Most read articles by the same author(s)