Әлеуметтік саладағы болашақ мамандардың этникалық құзіреттілігі


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Г.Т. Урузбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.Б. Валиева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.М. Айтышева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

этникалық құзыреттілік, тұлғаның этникалық ұстанымы, әлеуметтік сфера мамандары, этнонигилизм, этникалық индифференттілік, позитивті этникалық сәйестік, этноэгоизм, этноизоляционизм, этнофанатизм

Аңдатпа

Мақалада қоғамдық-әлеуметтік сферадағы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін
қалыптастыру мәселесі қарастырылған. Әлеуметтік қызметкерлердің ұлтаралық өзара әрекеттесу кезінде туындаған мәселе бойынша клиенттермен жұмыс істеуге дайындығына қажетті этномәдени құзыреттіліктерін қалыптастырудың маңыздылығы анықталған. Көпмәдениетті қоғамда кәсіптік қызмет көрсететін мамандар ретінде әлеуметтік қызметкерлердің этникалық сәйкестілік мен коммуникативтік толеранттылық мәселелерін шешудің өзектілігі ерекше атап көрсетілген. Әлеуметтік қызметкердің профессиографиясының базистік компоненті ретінде «тұлғаның этникалық ұстанымы» моделі алынған. Болашақ әлеуметтік қызметкерлердің этникалық құзыреттілігін зерттеу нәтижелері көрсетілген. Қазақ және орыс топтарындағы студенттердің этникалық құзыреттіліктеріне салыстырмалы талдау жасалған. Сондай-ақ, жас жігіттер мен қыздардың этникалық сәйкестік типтеріндегі айырмашылықтарының салыстырмалы мәліметтері берілген. Эксперименттік деректер бойынша жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік қызметкерлердің этномәдени құзыреттілігін қалыптастыру мәселелерін шешудің өзектілігі анықталады.

Жүктеулер

Жарияланды

16.04.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Урузбаева, Г. ., Валиева, А. ., & Айтышева, А. . (2024). Әлеуметтік саладағы болашақ мамандардың этникалық құзіреттілігі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Педагогика. Психология. Социология сериясы, 125(4), 97–101. Retrieved from https://bulpedps.enu.kz/index.php/main/article/view/1974

Журналдың саны

Бөлім

Психология

Most read articles by the same author(s)