ҚР мұғалімдерінің біліктілік тестілеуінің мәселелері
Қаралымдар: 192 / PDF жүктеулері: 48
Аңдатпа
Мақалада ҚР бойынша мұғалімдердің ұлттық біліктілік тестілеуінің мәселелері
мен жағдайы қарастырылған. Барлық педагог қызметкерлер әрбір бес жыл сайын аттестаттау рәсімінен өтеді, онда олардың деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігі айқындалады. Аттестаттау рәсімін білім беру сапасын бағалаудың жаңа жүйелерімен қамтамасыз ету үшін аттестаттау кезеңдерінің бірі ретінде педагог қызметкерлердің ұлттық біліктілік тестілеуі (НКТ) енгізілді, ол жекелеген өңірдің контексінде ғана емес, бүкіл республика бойынша мәліметтерді қамтитын мониторингтік зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Аттестациядан өту кезінде табиғи цикл пәндерінің мұғалімдерінің мәселелеріне эмпирикалық мәліметтер беріліп, терең талдау жасалды. Педагогтердің санатын тиімді алу және
біліктілік тестілерінің жағдайын жақсарту бойынша жоба және күтілетін нәтижелер әзірленді.